Қазақ солдаты

Қазақстан Қарулы Күштері қазақ жеріндегі АрМИ ойындарының жеңімпазы

  • АрМИ ойындары

    АрМИ ойындары

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басқаруымен өткен «АрМИ-2017» халықаралық Армия ойындары аяқталды. Кеше «Отар» әскери базасында ойындардың салтанатты жабылуы болып өтті.


«2017 жылғы халықаралық армия ойындары аяқталып келеді. Бұл ойындар әлемнің әртүрлі халықтарының әскери тарихына ерекше үлес қосқанына сөз жоқ. Бұл ойындардың маңызы – әскери және әскери-техникалық әріптестікті жолға қоюында ғана емес, сонымен қатар әскери қызметкерлер мен армиялардың арасында нағыз достықтың негізін қалауында болып отыр. Жарысқа қатысқан барлық адамның болашақта жеңіске жететін әлеуеті мол екеніне шүбәм жоқ. Әрбір әскери қызметкер өзінің кәсіби мүмкіндігі мен әскери шеберлігін көрсете алды. Сол себепті де жеңіске лайық жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймын»,-деді генерал-полковник Сәкен Жасұзақов ойындардың жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде.



Халықаралық армия ойындары халықаралық әскери қауымдастық ішінде өзінің заңды жоғары мәртебесін алған өте көлемді де мағыналы іс-шара.


«АрМИ-2017» шарасының Қазақстан территориясындағы бөлігінде: «Артиллериялық атыс шебері», «Мергендік шебі» және «Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының жарысы» сияқты аса ірі байқаулар болып өтті.


«Отар» полигонының 40-шы базасы, барлық құрылымдары байқауларды өткізуге арнайы әзірленді: артиллеристерге арнап – кедергілер қойылған 2 шақырымдық жол, мергендерге арналып – мерген мылтығы мен тапаншадан оқ атып, граната лақтыруға бейімделген барлаушы сүрлеуі мен шебі, ал Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының жарысына арнап «Мәтібұлақ» полигонында арнайы қондырғылар дайындалды. Қазақ жеріндегі жарыстарға әлемнің 18 елінен 400 әскери қызметкер қатысты.



Ойындардың қорытындысы мынадай болды:


«Мерген шебі» сыны бойынша бірінші орынды Қазақстан Қарулы күштерінің командасы, екінші орынды – Ресей және үшінші орынды Беларуссия әскери қызметкерлері жеңіп алды. Кіші сержант Бақтыораз Нұрсұлтан байқаудың ең үздік мергені, кіші сержант Мақсат Шынәлиев пен аға сержант Ерқанат Құдабековтер үздік мергендер жұбы атанды.


«Артиллериялық атыс шебері» байқауында да Қазақстан зеңбірекшілері бірінші орын алды. Екінші орын – Белорусь, үшінші орын Ресей Федерациясының әскери қызметкерлеріне тиді. Бұл сында ресейлік сержант Рустам Чиктаев – үздік механик-жүргізуші, белорустық Иван Швая – үздік көздеуші-оператор, әзербайжандық кіші сержант Елшат Оруджов- үздік құрам командирі, қазақстандық сержант Мейірхан Әбілдаевтың құрамы – үздік миномет құрамы деп табылды.


Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының жарысы байқауында да бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Ресей, үшінші орынды Иран командалары жеңіп алды. Бұл сында ирандық майор Джафариан Хамид – үздік техник, ресейлік аға лейтенант Владимир Зайнчковский – үздік оператор атанды.


Күшті фанфардың қуатымен бұл командалар сахна төріне шақырылып, арнайы қошамет көрсетілді. Арнайы сыйлықтар, кубоктар мен дипломдар тапсырылды. Соңында Халықаралық ойындарға қатысушыларға арнап мерекелік концерт қойылды.


С. Ақынжанов


alashainasy.kz/ 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 09.08.2017, 22:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30