Қазақ солдаты

Қазақстан қарулы күштерінің командалары сынға түседі

  • Қазақстан қарулы күштерінің командалары сынға түседі

    Қазақстан қарулы күштерінің командалары сынға түседі

Қарулы күштердің шын қауқары сапта тұрғанда ғана емес, сайысқа түскенде анық көрінеді. Сол себепті де жыл сайын қарулы күш командаларының арасында түрлі жарыстар мен сайыстар өткізіліп тұрады. Соның бірі Армия халықаралық ойындары. Биыл ол 28 байқау түрінде болмақ. Соның 17-сінде Қазақстан командалары сынға түсіп көрмек.


Қазақстан Қарулы Күштерінің командалары осы халықаралық сайыстарға түсу үшін сапарға шығып кетті. «АрМИ-2017» аталатын бұл жарыстар Әзербайжан, Беларус Республикалары мен Қытай Халық Республикасында және Ресей Федерациясы жерінде өтеді. Жыл сайын өтетін бұл жарыстың мақсаты: әскери жұмыс тәжірибесімен бөлісу, жорық әдістемелерін көрсету, сонымен қатар әскери халықаралық байланысты нығайту.




АрМИ байқауына қатысатындар көпсатылы күрделі іріктеуден өтті. Бірнеше әскер түрлері мен құрылымдары, «Астана», «Оңтүстік», «Шығыс» аймақтық басшылығының бөлімдері бірнеше ай бойы үздіктердің үздігін таңдады.



 Енді оларға АрМИ халықаралық ойындарында елдің және Қарулы Күштердің абыройын қорғау міндеті жүктеліп отыр.

Осы «АрМИ-2017» халықаралық ойындарының «Артиллериядан атудың шебері», «Мерген шебі», «Пилотсыз ұшатын аппарат құрамдарының жарысы» сияқты түрлері Қазақстан Республикасының жерінде өткізілмек. Қарулы Күштердің Қазақстан жеріндегі ойындары 1 тамыз күші ашылмақ. Ал жабылуы 9 тамыз күні болады.




Қазақ жерінде өтетін жарыста Қазақстан жауынгерлері әскери шеберліктің үлгісін көрсетеді деген үмітіміз бар. Жарыстың аты – жарыс. Ол жерде іркіліп қалуға болмайды. Оның үстіне қазақ жерінде өтетіндіктен, біздің сарбаздар рухының күштілігін көрсететін болар.


С. Ақынжанов


 




 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 24.07.2017, 15:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30