Қазақ солдаты

Қазақстан мен Әзербайжанды теңіз жалғайды

  • Қазақстан мен Әзербайжанды теңіз жалғайды

    Қазақстан мен Әзербайжанды теңіз жалғайды

Қазақстан мен Әзербайжан Республикаларының құрылықтағы шекаралары шектеспейді. Бірақ, біздерді Каспий теңізі біріктіреді. Бұл күндері Каспий теңізінің Әзербайжан акваториясында «АрМИ» халықаралық ойындарының бағдарламасына сәйкес «Теңіз кубогы-2017» жарысының өтіп жатқанын жазғанбыз. Ол жерде төрт елдің әскери теңіз күштері сынға түсіп отыр. Таяуда осы әскери теңіз күштерінің әріптестік Жоспарына орай Қазақстан және Әзербайжан әскери теңізшілері бірлескен суға сүңгу дайындығын жасады. 



Бірлескен оқу-жаттығудың барысында апатты жағдай мен іздеу-құтқару шараларын жүргізуге қажетті жұмыстың ерекшеліктері мен тәсілдері сыннан өтіп жатыр. Бұл бағдарлама бойынша су астындағы дәнекерлеу және кесуге баулу, сонымен қатар «Скуба» демалу құралы мен «БК» арнайы барокамераларын пайдалануға үйрету де бар.

Осы тәжірибе алмасу барысында Қазақстан әскери қызметкерлері суға сүңгу оқу орталығының оқу-материалдық базасымен танысты. Осы шаралардың өзі Қазақстан мен Әзербайжан әскери теңіз күштері арасындағы әріптестіктің сындарлы екенінің жарқын көрсеткіші.

«АрМИ» халықаралық ойындары аясында өтіп жатқан Қазақстан мен Әзербайжан әскери теңізшілерінің суға сүңгу дайындығы 2017 жылдың 10-тамызына дейін жалғасады.


С. Ақынжанов




Көрілген: 397    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 08.08.2017, 15:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30