Қазақ солдаты

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің әскер саласындағы байланыстары

  • Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің әскер саласындағы байланыстары

    Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің әскер саласындағы байланыстары

Кейінгі жылдары Қазақстан Қарулы Күштерінің Араб елдерімен сан-саналы байланыстары ерекше дамып келеді. Таяуда Қазақстанның әскери делегациясы ҚР Қорғаныс министрінің басшылық етуімен 15-ші халықаралық «DubaiAirshow 2017» көрмесіне қатысты.




«DubaiAirshow» Үкімет пен Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштерінің қолдауымен өткізілетін әскери және азаматтық авиаөнеркәсіп саласындағы жетекші әлемдік оқиға болып табылады. Авиациялық-ғарыш салонының жұмысы барысында қазақстандық делегация әскери, оның ішінде, ұшқышсыз авиацияның тың жаңалықтары және даму үрдістерімен танысты.




Көрме шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі БАӘ қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі шейх Мұхаммед бен Ахмед Әл-Бауардимен кездесті. Тараптар әскери ынтымақтастықтың дамуының келешек бағыттарын талқылады және оларды жоспарлы негізге көшіру туралы тараптардың ниеттерін растады.


«БАӘ әміршісі Шейх Заид бен Сұлтан Әл-Нахаян және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған елдеріміз арасындағы сенімділік қарым-қатынастар жыл сайын нығая түсуде және анағұрлым жоғары деңгейге шығып келеді. Қатысушылар ретінде және бақылаушылар ретінде болсын Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін оқу-жаттығулар мен сайыстарға БАӘ Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығы мен қатысуына айрықша назар аударғым келеді», - деп ҚР Қорғаныс министрі құттықтау сөзінде атап өтті.





Сондай-ақ қазақстандық әскери ведомство басшысының БАӘ Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Хамад Мұхаммед Тани Әл-Румейсимен келіссөздері өтті. Онда өңірлік қауіпсіздік, заманауи қауіп-қатерлерге төтеп беру мәселелері жөнінде пікір алмасу өткізілді.


Одан басқа, БАӘ ӘӘК қолбасшысы авиация генерал-майоры Ибрагим Насер Әл-Алауидің бастамасымен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Кәрбеновпен кездесу ұйымдастырылды.





Делегацияның өткізген жұмыс қорытындысы бойынша таяу болашақта қорғаныс саласындағы ҚР мен БӘА өзара іс-қимылын дамыту мен нығайтудың қосымша бағыттары айқындалды.



Алаш айнасы




Көрілген: 251    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 14.11.2017, 21:09

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз, 11:51
Ерекше мереке
25 Шілде, 19:09
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30