Қазақ солдаты

Қазақстан мен Пәкістан Қарулы Күштері арасындағы келісім

  • Қазақстан мен Пәкістан Қарулы Күштері арасындағы келісім

    Қазақстан мен Пәкістан Қарулы Күштері арасындағы келісім

Әскери дипломатияның ролін қауіпсіздіктен тыс қоюға болмайды. Кей уақытта қарудың күшімен шеше алмайтын мәселелер дипломатия жолымен шешілетіні бар. Сондықтан да Қазақстан Қарулы Күштерінің басшылығы ықтиярлы елдермен әскери дипломатия қарым-қатынас жасауға тырысып келеді. Пәкістан Азиядағы аймақтық державаның бірі. Оның әскери және саяси қуатымен көрші елдердің қай-қайсы да есептеседі. Міне сол Пәкістан Ислам Республикасының Қарулы Күштері мен Қазақстан Қарлы Күштері арасында ынтымақтастық келісім-шартына Астанада қол қойылды. Келісім-шарт ҚР Қорғаныс министрлігі және Пәкістан Ислам Республикасының Қарулы Күштері арасында 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары деп аталады. Пәкістан делегациясын ПИР ҚК Штабтар бастықтары біріккен комитеті штаб пәтерінің басшысы генерал-лейтенант Мали Зафар Икбал басқарды.

Төртінші қазақстандық-пәкістандық бірлескен әскери комиссия шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің генерал-лейтенант Малик Зафар Икбальмен кездесуі өтті.

Қазақстандық-пәкістандық бірлескен әскери комиссияның төртінші отырысында тараптар әскери білім беру, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді дайындау, Қазақстан мен Пәкістанның әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы келісімнің іске асырылу мәселелерін талқылады.

Сапар барысында Пәкістан делегациясы мұражайға, имитациялық модельдеу орталығына, «ҚР ҚК Бас штабының академиясы», Ұлттық ұлан және біліктілікті арттыру факультеттеріне, сондай-ақ Үндістан мен Қытай Қарулы Күштерінің Әскери өнер аудиториясына барды. Университеттің оқу-материалдық базасымен танысты.

С. Ақынжанов




Көрілген: 1129    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.11.2017, 14:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз 2017
    Ерекше мереке
    25 Шілде 2017
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31