Қазақ солдаты

Қазақстанның "Халық қаһармандары" кімдер?

  • Қазақстанның

    Қазақстанның "Халық қаһармандары" кімдер?

«Халық Қаһарманы» атағы екінің біріне беріле бермейді. Елімізде осындай мәртебеге ие болған өнер, мәдениет, қорғаныс саласында жүрген тұлғалы азаматтарымыз жетерлік. Аталмыш атақты алғандарды тізіп шықсақ. Сонымен:


1. Ең алғашқы болып «Халық Қаһарманы» атағын армия генералы, ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовке қазақ елінің қарулы күштерінің қалыптастыру жолындағы еңбегі үшін 1994 жылдың 23 мамырында берілді.

2. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков 1992 жылы ақталып, оған «Халық Қаһарманы» атағы 1996 жылдың 9 желтоқсанында берілді.

3. Қан майданда «Вася» болып шайқасқан соғыс ардагері Қасым Қайсенов 1995 жылдың 24 сәуірінде «Халық Қаһарманы» атағына ие болды. Бұл атақ екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі үшін берілген марапат еді.

4. «Халық қаһарманы» атағына ие болған Қазақстандағы жалғыз әнші ол – Роза Бағланова. Халықты соғыста және бейбіт заманда ерекше дауысымен жігерлендіріп, рух сыйлаған әншіге бұл атақ 1996 жылы табысталды.

5. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, сынақшы-ұшқыш, генерал-майор Тоқтар Әубәкіровке 1995 жылы «Халық Қаһарманы» төсбелгісі тағылды.

6. Ғарышкер, генерал-майор Талғат Мұсабаев аталмыш атаққа 1995 жылы ие болды.

7. Армия генералы Мұхтар Алтынбаевқа «Халық Қаһарманы» атағы 2006 жылдың 6 мамырында берілді.

8. Қазақтың әйгілі күйші компазиторы, дирижер, дәулескер домбырашы Нұрғиса Тілендиевке 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атанды. Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне өшпес із қалдырған тұлға.

9. Медицина ғылымының дамуына үлес қосқан академик Мұхтар Әлиев Халық Қаһарманы жоғары атағымен лайықты бағасын алды. Елімізге белгілі хирург 1995 жылы осы атаққа лайық деп танылды.

10. Екінші дүниежүзілік соғыста алғашқы болып Рейхстагқа ту тіккен қазақ Рақымжан Қошқарбаевқа 1999 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Соғыс ардагері бұл атаққа қан майданда көрсеткен ерлігі үшін алды.

11. Қазақстанның халық әртісі, режиссер, қоғам қайраткері Әзірбайжан Мәмбетовке аталмыш атақ қазақ мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін 1998 жылы берілді.

12. Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз ұшқыш қазақ қызы Хиуаз Доспанованың ерлігі бағаланып, 2004 жылы қазақтың батыр қызына «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

13. Әскери қайраткер, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевқа ауған соғысында көрсеткен ерлігі үшін 2008 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

14. Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер Айдын Айымбетовке «Халық Қаһарманы» атағын табыстады.


«Халық Қаһарманы» атағы - Қазақстан Республикасына сіңірген қайталанбас ерен еңбегі үшін, Отан қорғауда, азаматтардың өмірін қауіпсіздендіру барысында ерлік көрсеткені үшін, Қазақстанның бостандығы мен Тәуелсіздігі жолында аянбай күрескені үшін берілетін жоғарғы дәрежелі атақ. «Халық Қаһарманы» атағы 1993 жылы заңмен бекітілді. «Халық Қаһарманы» атағын алған адамға аса ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» бен «Отан ордені» беріледі.




Көрілген: 590    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

сәрсенбі, 15.11.2017, 11:41

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз, 11:51
Ерекше мереке
25 Шілде, 19:09
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30