Қазақ солдаты

Қор нарығына қарапайым акцияларын шығарып отырған отандық компаниялардың корпоративтік табыс салығын төмендету керек пе?

  • Қор нарығына қарапайым акцияларын шығарып отырған отандық компаниялардың корпоративтік табыс салығын төмендету керек пе?

    Қор нарығына қарапайым акцияларын шығарып отырған отандық компаниялардың корпоративтік табыс салығын төмендету керек пе?

Бүгінде отандық қор нарығының көрігін қыздыру мәселесі маңызды бола түскені баршаға мәлім. Жұртшылықтың қаржылық сауат-тылығын арттыру жайы Үкімет тарапынан жиі айтылып жатқанымен әзірге қор нарығындағы саудаға қалың бұхараның араласа алмай отырғанын мойындауымыз керек. Айталық, бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы инвесторлардың немесе жеке тұлғаның саны 10 мыңның маңайында ғана. Егер Батыстағы қор биржаларындай қарбалас алып-сату бізде де көрініс берсе, әрине, бұған қуанар едік. Мәселен, бір ғана сауда сессиясында батыстың қор нарығындағы құнды қағаздар 10, тіпті 15 қолдан өтеді. Залдағы саудашылар саны 200-ге жетіп жығылады. Бізде мұндай ойыншылар аз. Міне, осыған орай халықты қор нарығына тарту мақсатында Үкімет қазірде біршама шараларды қарастырып қор нарығына отандық кәсіпорындардың акциялары шығарыла бастады. Бұл үрдіс халықты жаппай қор биржасындағы саудаға кіріктірмек деген болжамдар да баршылық. Ал енді сол қор нарығына акцияларын шығарып, халықтың қолына құнды қағаздар ұстататып отырған отандық компаниялардың корпоративтік табыс салығын төмендетсек қалай болар екен? Осы сауалды «Алаш айнасы» мамандардың талқысына салып көрді...



ИӘ...

Марал Төртенова, экономист-сарапшы:

– Жалпы, еліміздің қор нарығындағы сауданың төмендігі инвесторлардың қазақ экономикасына әлі де сенімсіздік танытып отырғанын білдіреді. Қазақстанның пайлық инвестициялық қорларының орташа табысы әлі де мардымсыз. Қазірде еліміздің қор нарығында салым салудың мына үш түрі ғана жетіліп отыр:

1. Ұлттық валютадағы депозиттер;

2. Евро түріндегі депозиттер;

3. Топтастырылған алтын металл есепшоттар және ПИҚ (пайлық инвестициялық қор) сертификаттарын сатып алу.

Бұл үш салым түрін ғана жетілдіру қазақтың қор нарығының деңгейін жоғары көтере алмайды. Ол үшін балама тетіктерді қосу қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты қор нарығы алаңында «көгілдір фишкалардың» акцияларын орналастыру ісі жүргізіле бастады. «Көгілдір фишкалардың» акциялары – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына кіретін компаниялардан алынып отыр. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-на 44 еншілес және тәуелді ұйым кіреді. Қор 29 компанияның 100 пайыздық акциясына ие. Олардың қатарында «ҚазМұнайгаз», KEGOС, «Қазпошта», Қазақстан даму банкі сияқты стратегиялық маңызды компаниялар бар. Осы аталған компаниялардың акциялары қазірде қор нарығына шығарылуда. Бұл үрдісті әрине қолдау керек. Өйткені бұл кәсіпорындар мен компаниялардың акциялары құнды әрі сенімді. Ал халықтың осы акцияларға одан әрі қол жеткізіп, өзіне капитал жинап алуы үшін біз не істеуіміз керек? Ол үшін аталмыш кәсіпорындардың корпоративтік салығын да, қосымша құн салығын да төмендетуіміз керек. Егер сол бағалы қағаз шығаратын кәсіпорындардың корпоративтік және қосымша құн салығын төмендететін болсақ, олар акцияларын сатылымға көптеп шығарады. Бұл бір. Екіншіден, салықтары азайған кәсіпорындардың халықққа қызмет көрсету ақысы да төмендейді. Үшіншіден, олардың өндірістік қабілеті де артады. Өнім шығару әлеуеті де көтеріледі. Сондықтан өз басым мұны қолдау керек деп есептеймін. Салық мәселесі ұлттық кәсіпорындардың ең жанды жерінің бірі. Егер корпоративтік салық төмендетілетін болса олардың біраз мәселесі шешіліп, қолдауды сезінген кәсіпорындар өнім өндіруде, қор нарығына араласуда, халыққа қызмет көрсетуде әлеуеті артып қарқынды жұмыстар атқармақ. Сондықтан салықты төмендету немесе салықтан босату туралы бастаманы өз басым қолдаймын.



ЖОҚ...

Тоғжан Шаяхметова,
экономист- ғалым:

– Бұл жерде бірінші кезекте қор нарығына акциясын шығаратын қандай кәсіпорындар немесе компаниялар дегенге мән берген абзал. Негізінен қор нарығына акциясын шығаратын кәсіпорындар сапына Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-на еншілес және тәуелді кәсіпорындар енеді. Олардың қатарында «ҚазМұнайгаз», KEGOС, «Қазпошта» Қазақстан даму банкі сияқты стратегиялық маңызды алпауыт компаниялар бар. Сондықтан өз басым «сол алпауыттардың корпоративтік салығын төмендету керек» деген пікірмен келіспеймін. Бұл – дұрыс емес. Егер бұл үрдіс арқылы «қор нарығындағы саудаға халықты жаппай жұмылдыра аламыз» деп арқаны кеңге салсақ, қателескен болар едік. Демек мұны қолдауға болмайды. Салықты төмендеткенмен олардың өндірістік қабілеті артып, халыққа қызмет көрсету жұмысы оңға басады дегенге мен сенбеймін. Айталық, «Қазақтелеком» ешуақытта шығынға ұшырамайтын монополист компания. Мұндай компаниялар мен кәсіпорындардың салығын төмендеткенмен олардың қызмет көрсету құны өсе береді. Сол тәрізді шикізат шығаратын кәсіпорындар да солай. Салықты төмендеткенмен олар шикізатын шетелге тасымалдай береді. Осы қағиданы ұстана отырып айтарым корпоративтік салықты төмендету монополистердің мүддесін қорғау дегенмен тең. Сондықтан халықтың мүддесін монополистердің көлеңкесінде қалып қоймасын десек, корпоративтік салықты сол күйінше қалдыру керек. Қор нарығына халықты тартудың жолы бір бұл емес. Ол үшін елдегі қор нарығы саласындағы мамандар сауатты жұмыс атқаруы керек. Насихаты және жарнамасы басым болса, кез келген сауданың қыза түсетіні даусыз. Егер қарапайым халықтың сауаттылығын арттыратын, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін арнайы менеджерлер тобын құрсақ мәселе сәл де болса шешіле түсер еді. Ал «отандық кәсіпорындардың салығын төмендету арқылы қор нарығына олардың акцияларын молынан орналастырамыз, оны халық талап алатын болады» деген пікірді мен қолдамаймын. Бұл монополистердің жауапкершілігін төмендететін үрдіс.


Бейтарап пікір:

Жұмаділда БАЯХМЕТОВ,
экономист-ғалым.

– Бар мәселе акция құнының арзандығында немесе қымбаттығында жатқан жоқ. Қордың көрігін қыздыру үшін алдымен жұртшылықтың қаржылық сауаттылығын арттыра білген маңызды. Статистикалық деректерге жүгінсек, Қазақстан халқының 80 пайызы бұл жүйеден мүлде хабарсыз. Ал қалған 20 пайызының аз-кем ғана хабары бар. Рас, қазірде халықтық ІРО-ның насихаты күшті. Десек те бұл жүйені тәжірибеге енгізген күннің өзінде халық бірден жұмылып кете қоймады. Себебі біз қазақстандықтар бұл іс барысында қанша акция сатып ала алады? Миллион ба, әлде мыңға дейін бе? Мыңға тарта акциясы бар адам компания менеджментінің шешіміне қаншалықты ықпал ете алады? Міне, бізге алдымен осы жағын нақты ашып көрсете алмай жүрміз. Бұл жерде кәсіби біліктілікпен арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілгені абзал. Түсіндіру жұмыстары сауатты болса халықтың да қызығушылыға арта береді. Демек сауатты насихат керек.




Көрілген: 1122    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 22.04.2014, 16:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30