Қазақ солдаты

ҚР Қарулы Күштері әскери міндетті мамандардың жиынын өткізеді.

  • ҚР Қарулы Күштері әскери міндетті мамандардың жиынын өткізеді.

    ҚР Қарулы Күштері әскери міндетті мамандардың жиынын өткізеді.

 


Құрылғанына биыл 25 жыл толып отырған ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы Қазақстандағы әскери міндетті мамандарды әскер-оқу жиынына шақыруға және оны өткізге дайындықты бастап жіберді.


Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 16-ақпанындағы «Әскери қызмет және әскери қызметкердің мәртебесі» туралы заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 6-маусымындағы «2017 жылы әскери жиынға шақырылуға тиіс әскери білімді мамандардың санын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес биыл 1500 әскери міндетті адам әскери жиынға шақырылады.


Әскери жиын әзірліктің екі түрі бойынша өтеді: Құрылық әскерлерінің Әскери институтында сержанттар мен босалқы сазбаздарды офицерлер қатарындағы шенге әзірлеу және әскери білімді жетілдіру, ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскери міндеттілерді қайта әзірліктен өткізу.


Әскери жиынның негізгі мақсаты - бейбіт кезеңдегі әскери бөлімдердің әскери және шұғыл жұмылдыруын жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерін әскери жағдай туғанда шұғыл жұмылдыру мен құрамдауға қажет әскери-оқу дайындығынан өткен босалқы құрамды әзірлеу мен жинақтау.


Жиынның қорытындысы бойынша офицерлік оқу бағдарламасын толық өткен босалқы сержанттарға бастапқы әскери офицерлік «лейтенант» шені, ал басқа әскери міндеттегілерге – қызмет бабына байланысты әскери шендер беріледі.


Әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру 2017 жылдың тамызы мен қараша айларының аралығында өтеді.


 


С. Ақынжанов


 


 




Көрілген: 303    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 01.08.2017, 22:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30