Қазақ солдаты

ҚР ҚК Бас штабының басшылығы Әскери комитеттің отырысына қатысты

  • ҚР ҚК Бас штабының басшылығы Әскери комитеттің отырысына қатысты

    ҚР ҚК Бас штабының басшылығы Әскери комитеттің отырысына қатысты

Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына 6 мемлекет кіретіні белгілі. Әскери ұйымның қорғаныс қабылетінің мықты болуы, оған қатысушы әр ел әскери ведоствосының Бас штабының ұтымды қызметіне тікелей байланысты екені анық.


Ағымдағы жылғы қарашаның 1-і мен 3-і аралығында Беларусь Республикасының Минск, Брест қалаларында ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Әскери комитеттің отырысы болып өтті. Оған Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев қатысты.



Сондай-ақ Әскери комитеттің отырысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров, Әскери комитеттің мүшелері – Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Қарулы Күштері бас штабтарының бастықтары қатысты.


Жұмыс барысында ҰҚШҰ-ның әскери құрамдасын дамыту, ұжымдық қауіпсіздік өңірлерінде әскери-саяси жағдайды дамыту мәселелерін талқылап, 2017 жылдың жедел және жауынгерлік даярлығының бірлескен іс-шараларының қорытындысын шығарды. Тараптар Ұжымдық жедел ден қою күштерін жедел өрістету жоспарын қарастырып, Ұйымның мүше мемлекеттері мүддесінде ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін іске асыру туралы мәселені қозғады.


С. Ақынжанов




Көрілген: 1118    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.11.2017, 19:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз 2017
    Ерекше мереке
    25 Шілде 2017
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31