Қазақ солдаты

ҚР Қорғаныс министрі Каспий жағасында жүр

  • ҚР Қорғаныс министрі Каспий жағасында жүр

    ҚР Қорғаныс министрі Каспий жағасында жүр

Әскери ведомство басшысы генерал–полковник Сәкен Жасұзақов Ақтау, Бейнеу гарнизондарына жұмыс сапарымен барды.


Ақтау қаласындағы жұмысы барысында қорғаныс ведомствосының басшысы ҚР Әскери-теңіз күштері корабльдері мен кемелерінің орналасу пирсына барып, Әзірбайжан Республикасының Каспий су айдынына Армия халықаралық ойындарының «Теңіз кубогы» байқауына қатысу үшін «Қазақстан» және «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық корабльдерінің салтанатты жөнелтілу рәсіміне қатысты.





«Бүгінде ешбір шығынсыз әскери машықта қарсыластық арқылы жауынгерлік шеберлікті таныту, кәсіби дағдыны жетілдіру мүмкіндігі бар болғаны қуантарлық жәйт. Өз еліңнің намысын қорғай отырып, армия ойындарында өнер көрсету зор мәртебе. Жеңіс тұғырынан көріну – құрметке лайықты. Сіздерге адал әрі ымырасыз күрес, төрешілердің баға беруде дәйектілігі мен жеңіс тілеймін», - деді генерал-полковник С. Жасұзақов АрХО-2017 сайысына қатысушылармен кездесу барысында.

Сондай-ақ әскери корабльдердің тұрақтауы пирсында қорғаныс ведомствосының басшысы «Игла-1М» заманауи тасымалданатын зениттік-зымыран кешенімен жабдықталған «Алатау» су жаңа жауынгерлік мина-тартқыш кораблін, тартқыш жабдығын, автономды суасты аппаратын, минаға қарсы іс-қимылдар мен мина іздеудің киль асты шығарылмалы гидроакустикалық жүйесін қарап шықты.




Одан басқа, батыс өңіріне сапары аясында ҚР Қорғаныс министрі 75488, 25744, 99116 әскери бөлімдерінің күнделікті қызметтерінің ұйымдастырылуын тексерді. Әскери бөлімдердің инфрақұрылымдары нысандарының құрылыс барысын егжей-тегжейлі тексеріп, генерал-полковник С.Жасұзақов әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын әрі қарай дамыту және жақсарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

«Оймаша» оқу-жаттығу полигонында ҚР Қорғаныс министрі «Батыс» өңірлік қолбасшылығы артиллериясы лагерлік жиынының өткізілу барысын тексерді.



С. Демеуов






Көрілген: 435    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 21.07.2017, 11:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30