Күндізгі қарттар үйін ашу керек деген пікірмен келісесіз бе?

Күндізгі қарттар үйін ашу керек деген пікірмен келісесіз бе?

Шыны керек, қазір ауылда жұмыс орындары болмағандықтан, жұртшылықтың көбі қалаға ағылуда. Тіпті бала-шағасының артынан қарттар да еріп келіп жатыр.  Үлкен кісілер қаланы жақсы білмейді. Оның үстіне, балаларының бәрі күндіз жұмыста, немерелері оқуда болғандықтан, көп жағдайда олар үйде жалғыз қалады. Әрине басқа адамдардан оқшауланып қалу адамның эмоциялық күйіне кері әсер ететіні сөзсіз. Тіпті ғалымдардың өзі де қоғамнан оқшаулану адам денсаулығы мен психологиясына айтарлықтай зиян келтіретінін дәлелдеді. Осы ретте кейбір мамандар бұл мәселені шешу үшін қалалық жерлерде күндізгі қарттар үйін ашу керек деген ұсыныстар айтуда. «Таңертең жұмысқа кетерде балалары үлкендерді осындай үйлерге әкеліп тастаса, онда олар бір жерге жиналып, бір-бірімен әңгімелесіп, шахмат, дойбы ойнап, уақыттарын тиімді өткізер еді. Ал кешкісін қайта алып кетсін. Бұл қарттардың ұзақ жасауына септігін тигізеді»,- дейді олар. Шынында да бұған қоғам қайраткерлері қалай қарайды екен. «Алаш айнасы» осы пікірді мамандар талқысына салып көрген еді.


ИӘ
Амангелді АЙТАЛЫ,
қоғам қайраткері:
–Бұл негізі жақсы идея екен. Мен мұны қолдаймын. Күндізгі қарттарға арналған орталықтар міндетті түрде болу керек. Мұндай орталықтар ашу әлемдік тәжірибеде бар дүние. Тіпті көрші Өзбекстанның өзінде қарттар жиналып шәй ішіп, шүйіркелесіп отыратын орындар көп. Бір өкініштісі, бізде балалар жұмысқа, немерелер мектепке кеткен кезде көп жағдайда қарттар үйде жалғыз қалады. Ал қоғамнан оқшаулану адам денсаулығына зиян. Әлгіндей орындар болса, зейнеткерлер бір жерге жиналып, әңгіме дүкен құрып, шахматтан, дойбыдан жарыстар ұйымдастырып, уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік алар еді. Онда қарттарға түрлі демеушілер арқылы әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-психологиялық жағынан тегін қызметтер көрсетілсе, қандай тамаша болар еді. Бұл ел тұрғындарының өмір сүру жасын ұлғайтуға септігін тигізетіні сөзсіз.
Негізі Алланың алдындағы ең құрметке лайықты, сауабы мол, екі дүниенің жақсылығын тауып беретін жақсы да салиқалы амалдардың бірі – ата-анаға, жасы үлкен қарияларға жақсылық жасау. Бұл ретте зейнеткерлерге, мүгедектерге арналған демалатын орындардың болғаны дұрыс. Егде кісілер онда кітап, газет-журнал оқып, шахмат, дойбы, дамино ойлай алады және бір шыны шәй ішіп, соңғы жаңалықтарын талқылайды. Өткен және қазіргі өмірлері жайлы сыр шертіседі. Түрлі турнирлер өткізіліп, туған күндер мен мерекелер өткізілсе, бұл нұр үстіне нұр емес пе? Әйтпесе олар қазір күні бойы пәтерлерінде отырып, теледидардан басқа қарым-қатынас жоқ. Бұл жүйкеге әсер етеді. Сондықтан мұндай орындар қаланың әр ауданында ашылуы тиіс. Бұл адамдарды шоғырландырады, қарым-қатынас, өмірге қызығушылығын арттырады.


ЖОҚ
Әшірбек СЫҒАЙ,
сыншы, өнер қайраткері:
–Күндізгі қарттар үйін ашу материалдық жағдайға байланысты. Өкінішке орай, бізде одан да басқа шешілмеген әлеуметтік мәселелер шаш етектен. Тастанды балалардың жағдайы, жастарымыздың ұлттық дәстүрден мақрұм қалып, іштен шыққан шаранасын қоқысқа тастап кетуі, одан да басқа шешілмеген әлеуметтік мәселелер өте көп. Сондықтан шалдардың әңгімелесіп, шүйіркелесетін күндізгі қарттар үйін ашамыз деп тыраштану қазақ менталитетіне жат дүние деп есептеймін. Өйткені бала-шағасы, немере-шөбересі бар қарттардың оқшауланып қалуға еш мүмкіндігі жоқ. Тіпті балалары жұмысқа кеткен күннің өзінде олар немересін арқалап, қыдырып жүреді. Оларға тәлім-тәрбие береді. Енді өзінің жақын туысы, бала-шағасы, немерелері бар адамға одан басқа не керек? Одан да қарттарға басқа жағынан қамқорлық көрсететін тұстар бізде жеткілікті емес пе? Сондықтан ақсақалдарға оқшауланып әңгімелесетін, олар қоғам жаңалығынан тыс қалды дегенді сылтау қылып, бүйректен сирақ шығарудың керегі жоқ. Ал егер зейнеткер жалғыз қалса, басқа ешкімі болмаса, онда амал жоқ оны күндізгі емес, түпкілікті қарттар үйіне жатқызуымыз керек. Сол үшін мұны сылтау қылып, үлкен кісілерден құтылудың жолдарын жасай берудің қажеті жоқ. Қазір ақшаға құныққан кез, жас жігіттер дүние іздеп, күндіз-түні үй бетін көрмей тыраштанып жүр. Егер күндізгі қарттар үйі ашылатын болса, барлық жастар әке-шешесін «күндіз қарайтын ешкім жоқ» деп, сонда өткізіп тастауы мүмкін. Сонда әке мен баланың арасындағы жалғастықтар, сабақтастықтар қайда кетеді? Тіпті әкеден балаға берілетін тәлім-тәрбиенің барлығы сол қарттар үйінде қалуы мүмкін. Сондықтан мен мұны егде кісілерден құтылудың жолдары деп есептеймін. Сонда қарттар үйі өзінің бала-шағасынан, немересінен жылы деп ойлайсың ба? Олай болуы мүмкін емес. Бала-шағасының қамын ойлаған кісілер бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы болады деп есептеймін.

Бейтарап пікір
Орынбасар ДӨҢҚАБАҚ,
ардагер журналист:
–Қарттар демалатын орын әсіресе қалалық жерлерге өте қажет. Өйткені күндіз бала-шағасы жан-жаққа жұмысқа кеткенде, қарттар үйде төрт қабырғада қамалып қалады. Егер біз шын мәнінде қарттарға қамқорлық жасауды ойлайтын болсақ, онда олардың демалатын орындарын ашуымыз тиіс. Қазір кей қалалық ақсақалдар күндізгі уақытын тиімді өткізу үшін көпқабатты үйлердің жертөлесінде жиналып, шахмат, дойбы ойнап жүр. Ал оның астындағы иіс қолқаны қабады. Сонда біздің қарттарға жасаған қамқорлығымыз осы ма? Қалай десек те, күндіз уақытты тиімді өткізетін орталықтар бізге керек-ақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста