Қазақ солдаты

Мектепте бірінші сыныптан ағылшын тілін оқыту дұрыс па?

  • Мектепте бірінші сыныптан ағылшын тілін оқыту дұрыс па?

    Мектепте бірінші сыныптан ағылшын тілін оқыту дұрыс па?

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл ағылшын тілін 1-сыныптан оқытуға қарсылық білдірді. Төменгі палатаның әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің 12 жылдық білім беру жобасын талқыланған отырысында депутат «Ағылшын тілі 3-сыныптан бастап енгізілуі тиіс. Егер алты жасар бала бірінші сыныпта үш тілді үйренсе, онда тіл, рух және адамгершілік жағынан біз одан рухани мүгедек жасап шығарамыз. Әлемнің ешбір елінде 1-сыныпта немесе 2-сыныпта шетел тілін оқытпайды. Жапонияда шет тілін оқуды 6-сыныптан бастайды. Олар дұрыс істемейді деп қалай айта аламыз? Үш тіл дегенді қайдан алдыңыздар? 6 жасар бала үш тілді меңгере алады деген қорытынды жасап берген адам бар ма?» - деді. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты орыс тілін 2-сыныптан бастап оқыту қажет екенін айтады. «Ата-анасы мемлекеттік тілде сөйлесе де, көп отбасының балалары қазақ тілін білмейді. 1-сыныпта қазақ тілі міндетті түрде болуы керек және ол әдебиет пәнінен бөлек оқытылуы тиіс», - деді ол. Ол бастауыштық білімнің жаңа стандарты бойынша «Сауаттылық» деген пәннің жоқ екенін, бірден «Тіл мен әдебиет» пәні оқытылатынын меңзеді. «1-сыныптан бастап, қазақ тілі әдебиетпен біріктіріліп бес сағат оқытылады, жоғарғы сыныптарда қазақ тіліне сағаттар аз бөлінген. 5-сыныпта орыс және ағылшын тіліне қарағанда, қазақ тілі мен әдебиеті жеті сағатқа аз оқытылады. Қазақ тілін орыс тілі мен ағылшын тілінен аз оқыту туралы тапсырманы кім берді? Бастауыш сыныптан соң бала қазақ тілін біліп шыға ма, ағылшынды ма?", - деп наразылық білдірді депутат. Депутаттың пікірімен келісетіндер де, келіспейтіндер де бар. Сондықтан «Алаш айнасы» осы мәселені мамандар талқысына салып көрген еді.




ИӘ

Нұрболат АЙЕКЕШОВ,
әлеуметтанушы:

– Қазір кез келген жасөспірім ұл-қыздан «ағылшын тілін меңгеруді қалар ма едің» деп сұраңызшы, ойланбастан «иә» деп жауап берері сөзсіз. Өйткені бұл заман талабы. Ал жастар заман ағымынан артта қалғысы келмейді. Бәрі дерлік ағылшын тілінде айтылатын әндерді тыңдайды. Ағылшын тілін үйренуге талпынады. Ағылшын тілін білген жастардың жақсы жұмысқа орналасу мүмкіндігі де әлдеқайда жоғары. Ағылшын тілін білгеннің артықшылығы көп. Тіл білсең шет елге барып оқу да проблема емес. Заманауи технологияны меңгеру үшін де ағылшын тілі қажет. Елбасымыздың өзі де осылай деген жоқ па?! Сондықтан ағылшын тілін балабақшадан бастап оқытуға қарсы болмауымыз керек. Өйткені, мамандар баланың жас кезде ақпарат қабылдау мүмкіндігі жоғары болатынын айтады. 5-6 жастан оқыған бала ағылшын тілін тез меңгеріп алады. Егер 6 сыныптан оқытамыз десек, кеш болатын сияқты. Естеріңізде болса, Кеңес үкіметі тұсында 6 сыныптан шет тілін оқытатын. Бірақ содан шет тілін меңгеріп шыққан бірде-бір адамды мен өзім көрген емеспін. Қазір қазақ тілінде өте жақсы сөйлей алатын өзге ұлттың балалары бар. Олар бірінші сыныптан қазақ мектебінде оқығандар. Яғни, қазақ тілін 1 сыныптан оқығандар. Олар өз ана тілдерін де ұмытқан емес. Ал, мектепте қазақ тілін пән ретінде оқығандардың қазақ тілін меңгергені жоқтың қасы. Ағылшын тілін де пән ретінде 6 сыныптан оқытатын болсақ, осындай жағдай қайталанары сөзсіз. Сондықтан қолды дер кезінде сермеу керек. Яғни, балаға тілді жастайынан үйрету қажет. Мен мұнымен қазақ тіліне қарсы шығып отырғам жоқ. Қазақ тілі қашан да бірінші орында тұру шарт. Өкінішке қарай, бізде ұрандатып кететіндер көп. Елбасы айтты деп бар күшті ағылшын тілін оқытуға жұмсап, соған жағдай жасаудың қажеті жоқ. Депутат ағамыздың сөзіне қарағанда, қазір мектептерде орыс тілі мен ағылшын тілі сабағы қазақ тілі пәніне қарағанда көп оқытылады екен. Мұндайға жол беруге болмайды. Керісінше, қазақ тілі сабағы көп болуы тиіс. Менің пікірім, қазақ тіліне басымдық бере отырып, ағылшын тілін бірінші сыныптан оқытқан абзал. 




ЖОҚ

Құсайын РЫСАЛДЫ,
филология ғылымының докторы, профессор:

– Шамасы, бұл мәселе кешегі депутаттың сөзінен кейін көтеріліп жатқан болар. Менің ойымша, мектепте бастауыш сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту дұрыс емес. Мұның бірнеше себебін айтуға болады. Ең алдымен бұл балаға физиологиялық тұрғыдан өте ауыр. Балалар үшін қазіргі мектеп бағдарламасын меңгерудің өзі оңайға соқпайды. Ал, оған сөйлейтін ортасы жоқ ағылшын тілін қосқан соң жүктеме одан сайын ауырлай түседі. Негізі, мектепте ағылшын тілін оқытуды бастауыш сыныптардан кейін бастаса да кеш емес. Қабілеті жақсы бала содан кейін де ағылшын тілін меңгеріп алады. Тіпті мектеп бітірген соң да шет тілін үйреніп алғандар аз емес қой. Екііншіден, үш тілді бірдей сауат ашқан бала ұлттық болмысын жоғалтады. Қараңызшы, қазірдің өзінде, орыс тілінде сауатын ашып, білім алған балаларда қазақы болмыс жоқ. Ұлттық салт-дәстүр дегеннен хабарсыз. Олардың менталитеті де бөлек. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының қазағы мен Солтүстік Қазақстан облысының қазағын салыстыруға келмейді. Орыс тілінде сауат ашып, білім алып өскен бала, орысша ойлайды. Оларда ұлттық потриотизм өте төмен, тіпті кейбірінде мүлдем жоқ. Егер адам қай тілде сөйлеп, қай тілде ойлайтын болса, оған сол ұлт жақын болып тұрады. Сондықтан жас кезінен баланың бойына қазақтың тілін, салт-дәстүрін сіңіріп тәрбиелеу қажет. Онсыз ұлт қалыптаспайды, ұлттық мемлекет қалыптаспайды. Егер баланы балабақшадан бастап ағылшын тіліне үйрету дұрыс болса, қай жағынан алғанда да дамып кеткен жапондар солай етпес пе еді? Нені болса да ғылымға негіздейтін Жапонияда шет тілі 6 сыныптан бастап оқытылады екен. Олар баланың физиялогиясын, ой-өрісінің дамуын, мүмкіндігін ескеріп отыр. Сондықтан біз де солардан үйренгеніміз дұрыс. 6 сыныптан бастап ағылшын тілін оқытатын жапондар ештеңеден арта қалып отырған жоқ. Біз ағылшын тілін үйретуді басты мақсат етпей, білім сапасын арттыруды басты мақсат етуіміз қажет. Егер білімі нашар болса, ағылшын тілін меңгергеннен не пайда?


Бейтарап пікір:

Маргарита ӨСКЕНБАЕВА,
балалар психологы:

– Негізі қазіргі балалардың физиологиясы, ой-өрісі, санасы жақсы дамыған. «Заманына қарай адамы» демекші, олардың зейіні жоғары. Сондықтан, менің ойымша, олардың 5-6 жастан үш тілді меңгеріп кетуге қабілеті жетеді. Әрине, қазіргі мектеп бағдарламасы ауыр. Егер оқыту методикасын дұрыс қолданса, балалар ол жүктемені алып жүре алады. Сондықтан, мейлің тіл үйренуде болсын, сабақ оқытуда болсын баланың жас еркшелігі ескерілуі тиіс. Егер баланың мүмкіншілігінен жүктеме артық болып кетсе, бала берілген тапсырманы орындай алмайды. Ондай кезде баланың оқуға деген ынтасы жоғалуы ықтимал.




Көрілген: 3910    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 09.04.2014, 16:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30