Қазақ солдаты

Офицерлер кәсіби шеберлігін арттыруда

  • Офицерлер кәсіби шеберлігін арттыруда

    Офицерлер кәсіби шеберлігін арттыруда

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында, Әуе қорғанысы күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты Радиотехникалық рота командирлері орынбасарларының курстық дайындығы өтуде.


Еліміздің барлық аймағында әуе кеңістігін күзетіп отырған Отанқорғушы офицерлердің кәсіби деңгейін арттыратын курстық дайындық бір айға жоспарланған. Оқу үдерісі барысы институтымыздың радиотехникалық әскерлері кафедрасының негізінде өткізілуде.



Курстық дайындықтың мақсаты, институттың оқу бөлімінің ұйымдастыруымен осы бағыттағы заманауый жетістіктерді негізге ала отыра тыңдаушылардың кәсіби деңгейін арттыру. Оқыту барысында офицерлердің спорттық дайындығы, мергендік өнерлері, психологиялық моральдік тұрғыдағы жағдайлары бағаланды.


Дайындықтан өтуші офицерлермен институт бастығы половник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы кездесіп, Қорғаныс министрінің бұйрықтары мен талаптарын жеткізді және қазіргі қорғаныс саласындағы әскери қызметшілерге Жоғарғы Бас Қолбасшымыз тарапынан жасалып жатқан жағдайларды айта келе, еліміздің әуе кеңістігін күзетуде артылып отырған сенімді жоғалтпай, адал орындау ол-әрбір офицердің негізгі міндеті екенін қадап айтты.



Оқу үдерісінің жоспары бойынша далалық жағдайда техникалармен жұмыс істеу барысы қарастырылған. Курстық дайындыққа радиотехникалық әскерлер кафедрасының бастығы полковник Гарапов Айдар Асығатұлы жетекшілік етеді. Демалыс күндері Алматы қаласының көрнекті орындарына саяхаттар жоспарланған.


Ербол Алибаев,

РЭЖБӘИИ баспасөз қызметінің бастығы

Суретті түсірген Ербол Алибаев




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.01.2018, 14:10

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз 2017
Ерекше мереке
25 Шілде 2017
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31