Қазақ солдаты

Оқ-дәріні иіскемеген – ұрысқа түсе алмайды

  • Оқ-дәріні иіскемеген – ұрысқа түсе алмайды

    Оқ-дәріні иіскемеген – ұрысқа түсе алмайды

Бір кездері Ауғаныстан жеріндегі соғысқа қатысқан офицердің естелігі бар: «Ауған жерінде бірнеше автокөлік болып шеру тартып келеміз.


Автокөліктердің борты толы жауынгерлер. Жауынгер болғанда кеше ғана мектеп партасынан шыққан көкөрім бозбалалар. Ешқайсы қару ұстап, оқ пен оттың астына түсіп көрмеген. Әскери бөлімге аман-есен жеткізуден басқа арманым болмай келе жатқан. Қас қылғанда жолдағы тосқауылға тап болдық. Жол бастап келе жатқан БТР-ді гранатаметпен атып тоқтатты. Кімді кім атып жатқаны белгісіз ұрыс басталып кетті. Мен: «жас жауынгерлерді қырып алатын болдым» деп ойладым. Жоқ, олай болмады. Өмірінде соғыс көрмеген менің солдаттарым алғашқы ұрысқа дайын боп шықты. Ешкім байбалам салған жоқ. Кәнігі жауынгерлер құсап, автокөліктен түсе салып, атысқа кірісіп кетті. Және қалай болса солай емес, әр тасты, әр мүмкіндікті пайдаланып, өте сауатты атыс жүргізді. Тіпті ақырындап қанат жайып ұрыс алаңын кеңіте түсті. Дұшпандар мұндайды күтпесе керек, атысты тоқтатып тез шегініп кетті. Мен есімді жинап, жас жауынгерлерді түгендей бастадым. Таң қалдым: бір рота жас солдаттарымның бәрі дін аман, тек екі жауынгер жарақат алыпты. Міне, мен осылайша біздің солдаттардың әруақытта соғысқа дайын екенін көрдім. Бойымды мақтаныш кернеді, ата-бабаларымыздың ерлік істері туралы әңгімелер мен бала кезгі «әскери дайындық сабақтары» текке кетпейді екен. Сол әңгімелерді бойынан өткізген әрбір ұлан елін қорғауға әруақытта дайын екеніне көз жеткіздім».

Әрине, жауынгерлік рух пен кәсіби әзірлік тек қана әңгімемен емес, нақты дайындық арқылы келеді. Қару қолдануды меңгермеген, оқ-дәріні иіскемеген адам ұрысқа түсуі мүмкін емес. Сондықтан да сарбазды ұрыс қимылдарына әзірлеу практикалық сынақтан басталуы тиіс. Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс қабылеті әр жауынгердің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Сондықтан да әр жауынгер «оқ-дәрінің иісі» сынағынан өтеді.

ҚР ҚК Құрлық әскерлері Әскери институтының бірінші курс курсанттары атыс қаруынан алғашқы жаттығуларды орындады. Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығы базасында 1-курс курсанттарымен алғаш рет атыс даярлығы бойынша практикалық сабақтар өткізілді. Онда болашақ офицерлер әртүрлі атыс қаруынан оқу және бақылау атыстарының жаттығуларын орындады. Далалық жорыққа шығар алдында келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатарынан нұсқаушылар бірінші курстағыларымен оқу және бақылау атыстарын ұйымдастыру мен өткізу бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақтар және электрондық тренажерларда атыс жаттығуларын өткізді. Курсанттар қарудың материалдық бөлігін, оқ ату негіздері мен ережелерді зерделеді. Оқу орындарында курсанттар қаруды оқ атуға дайындауды, оқу және бақылау атыстарын орындауды, граната лақтыруды, нормативтерді орындауды, оқ ату ережелері мен атысты басқару бойынша тапсырмаларды шешуді пысықтады, сондай-ақ қару-жарақтың материалдық бөлігі бойынша білімдерін бекітті. Атыс даярлығы жауынгерлік машиналардың қару-жарағын, танкіге қарсы және атыс қаруын, оларды заманауи ұрыста қолданудың амалдары мен тәсілдерін зерделеуді қамтитын ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Әскери институтында негізгі пәндердің бірі болып табылатынын айта кету қажет. «Бүгінде атыс даярлығы бойынша жаттығулар нормативтерді және арнайы әзірленген дайындық жаттығуларын орындау арқылы өткізілді. Үйренушілердің игеруінің шама-шарқынша нормативтер мен жаттығуларды орындау шарттары күрделендірілді. Курсанттар қойылған тапсырманы керемет орындады», - деп атап өтті атыс даярлығы кафедрасының оқытушысы полковник Ербол Елубаев.

С. Ақынжанов




Көрілген: 266    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 08.11.2017, 15:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30