Қазақ солдаты

ОҚЫМАҒАН ОФИЦЕР ТАНКИСТ БОЛА АЛМАЙДЫ

  • ОҚЫМАҒАН ОФИЦЕР ТАНКИСТ БОЛА АЛМАЙДЫ

    ОҚЫМАҒАН ОФИЦЕР ТАНКИСТ БОЛА АЛМАЙДЫ

Біліктілік деген дүние бар. Ол өз ісінің шебері болу деген сөз. Біліктіліктің әскердегі ролі өте жоғары. Өткені, әскери маманның тапсырма орындау барысында қателесуге қақысы жоқ. Ұрыс үстінде бір қателік тым қымбатқа түседі. Сол себепті де бейбітшілік кезінде әскери мамандар шеберлігін үнемі шыңдау отыруы керек.








 


 


 

ҚР ҚК Құрылық әскерлері бөлімдері танк роталары командирлері арнайы «Тактик» курсынан өтетіні сондықтан. Курс Құрылық әскерлерінің Әскери институтының базасында өткізіледі.

Офицерлердің курстық дайындығы терең дәрігерлік тексеру мен күш-қуат әзірлігі бойынша сынақтан тапсырудан басталады. Одан кейін бірнеше кезең бойынша курс жұмыстары жүргізіледі.

 




Алдымен офицерлер оқудың негізгі пәндері бойынша сыннан өтеді. Атап айтқанда, жалпыәскерлік жарғы, тактика және әскери топография бойынша сынақ тапсырады. Келесі кезеңде танк бөлімшесінің ұрыс қимылдарын жүргізу тәжірибесін көрсетеді. Ал шешуші кезең танктер құрамында тактика-сап түзу сабақтарымен байланысты болады. Олар әскери бөлімнің тапсырылған шепке шығу мәселесін тәжірибеден өткізіп, қорғаныстан шабуылға шығу әдістерін талқылайды.

Курстық жұмыстар кезінде ҚР ҚК Құрылық әскерлерінің танкистеріне барлық білімі мен тәжірибесін көрсету міндеті жүктелген. Соңында танк ротасының әр командиріне баға қойылады.

Бұл дайындық курсы бір айға созылып, 22-тамыз күні аяқталады.

С. Ақынжанов





Көрілген: 486    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 27.07.2017, 10:55

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз, 11:51
Ерекше мереке
25 Шілде, 19:09
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30