Қазақ солдаты

Оралмандардың өзге елде туған балаларын ҚР ҰҚК Шекара әскері қатарына алмау дұрыс па?

  • Оралмандардың өзге елде туған балаларын ҚР ҰҚК Шекара әскері қатарына алмау дұрыс па?

    Оралмандардың өзге елде туған балаларын ҚР ҰҚК Шекара әскері қатарына алмау дұрыс па?

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Осы орайда әскер  саласында оралман ағайындардың балалары бетпе-бет келіп отырған мәселенің түйінін тарқатуды жөн көрдік. Елімізде оралмандардың өзге елде туған балаларын ҚР ҰҚК-нің Шекара әскері қатарына алмайды екен. Еліміздің азаматтығын бере отырып, азаматтық әскери парызын шекара қызметінде өтеуге рұқсат бермеуіміз қаншалықты дұрыс?! Тақырыпқа орай «Алаш айнасы» мамандар пікірін біліп, мәселенің артық-кем тұстарын салмақтап көрген еді.




Иә

Ғабиден ЖАЙЛИН,
заңгер:

– Бұл мәселеге дұрыс емес деп айту қиын. Өйткені ҚР ҰҚК-нің Шекара әскері арнайы іріктеуден өткен азаматтар ғана әскери борышын өтейтін жер. Сондықтан ол жерде үлкен сұрыптаудан өткен азаматтар отан алдындағы міндетін өтейді. Ертеңгі күні мәселе туындамас үшін барынша сақ болу қажет етіледі. Шын мәнінде бүгінгі күні әскер қатарына алу үшін сарбаздарды психологиялық, физикалық тұрғыдан тексеру қажеттілігі сезілуде. Тіпті діни көзқарасын да тексеру туралы талап қойылуда. Сол секілді шекараның іргесін арнайы іріктеуден өткендер ғана күзетуге тиіс.  Сондықтан ҚР ҰҚК-нің Шекара әскері қатарына өзге елде туған оралмандардың балаларын алмау дұрыс шешім деп санаймын.

Жалпы бұл жан-жақты тексерілетін мәселе. Шын мәнінде елімізге көшіп келген оралман қандасымыздың баласы ма, әлде қандай да бір пиғылмен келіп, осы салаға сұранып жүрген азамат па?! Мұның бәрі жан жақты тексерілуі керек. Қазір әлем дүрбелеңге толы. Сағат сайын іргемізде түрлі оқиғалар болып жатыр. Сондықтан өз іргемізді өзіміз қымтап үйренуіміз керек. Рас,  өз елімізде туған азаматтар да түрлі әрекеттерге баруы әбден мүмкін. Сондықтан жалпы осы салаға сұранған азаматтар жан жақты тексерілуі керек. Мәселен қазір жалғандық детекторы қондырғысы кеңінен пайдаланыла бастады. Өз еліміздің азаматтары да шекара маңында азаматтығын өтегісі келсе психологиялық дайындығына қоса, елге деген адалдығы да жалғандық детекторы қондырғысы арқылы тексерілуі керек. Қазір әскери борышын өтегісі келген азамат түгілі, мемлекеттік қызметкер де осы қондырғы арқылы тексерілуде. Сондықтан онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.

Шын мәнінде ұлттық қауіпсіздік бәрінен қымбат. Біз осыны түсінуіміз керек. Өзге елде дүниеге келген оралманның баласы түгілі, жауапты салаға барғысы келетін кез-келген азамат үлкен тексеруден өтуі керек. Сонда ғана ұйқымыз тыныш болады.




Жоқ

Орынғали ЕСЕНҒАЗИЕВ,
Алматы қалалық ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник:

– Негізі бұл дұрыс емес. Оралмандардың өзге елде туған балалары барлық жағынан өз еліміздің азаматтарымен тең құқықта болуы тиіс. Қалаған оқу орнына түсіп, қалаған мамандығын иеленуі керек. Сол секілді егер сымбаты, физикалық дайындығы, бой-сойы келіп тұрса неге шекара әскери қызметкері болмасқа?! Азаматтықты сеніп бергеннен кейін, оның құқығын шектейтін мұндай әрекеттерге бармауымыз керек. Кейбір азаматтар келешек өмірін әскери саламен байланыстырғысы келуі мүмкін. Немесе әскери борышын өтеген соң келісім-шарт арқылы әскери салада еңбек еткісі келуі мүмкін. Сондай жағдайда «жоқ, саған олай етуге болмайды» деу, оның құқығының шектелуіне әсер етеді. Қазақстан азаматы бола тұра, өзге елде туғаны үшін Шекара қызметіне алмау, ол оның конституциялық құқығын бұзу деп ойлаймын. Өйткені Конституция бойынша, еліміздің барлық азаматтары тең құылы.

Жалпы біз бүгінгі күні оралмандардың құқығын, мүмкіндігін шектейтін көптеген әрекеттерге барып отырмыз. Мәселен оралмандар елімізге келген соң төрт жылға шейін азаматтық ала алмайды. Бұл да дұрыс емес. Азаматтығы болмағаннан кейін, жөні түзу қызметке де тұра алмайды. Белгілі бір кәсіппен де айналысуда кедергілерге тап болады. Жалпы азаматтығының болмауы оны көптеген мүмкіндіктерден айырады. Төрт жылға дейін азаматтығы жоқ болғандықтан қызметке тұра алмайды, ойлаған кәсібін жүзеге асыра алмайды. Қам қарекетсіз отырған адам  бала-шағасын қалай асырайды.  Біз одан гөрі оларға тезірек азаматтық беріп, қоғамымызға тезірек араласуға, елімізге сіңісуіне жағдай жасауымыз керек. Олар сонша жерден елін, Отанын аңсап келді. Ал біз оларды өзекке тепкендей етіп, азаматтық беруді қиындатамыз, елін қорғағысы келсе сенімсіздік танытып, шекара маңына жібермейміз.  Жасыратыны жоқ осындай қарым қатынастың салдарынан кейбіреулері кері көшіп кетіп жатыр. Шын мәнінде бұл өте үлкен өкініш. Дәл қазір мына ұлан байтақ жерді халықтың санымен ғана сақтап қала аламыз. Сол үшін демографияны өсіріп, шеттен келгісі келетін қандастарымызды көшіріп ала беруіміз керек. Сырттағы бауырларымызды елге келу үшін түрлі жолдармен ынталандыруымыз керек. Олар елімізге келген соң тіл жағынан, тұрмыс жағынан қиындық көрмейтіндей мүмкіндіктер қарастыруымыз керек. Шынымды айтсам барлық жағынан талапқа сай келіп тұрған азаматты өзге елде туылыпсың деп, шекара әскері қатарына алмау мүлдем дұрыс емес деп ойлаймын. Сондықтан бұл әлі де болса қайта қарауды талап ететін жағдай.

Шын мәнінде ниеті бұзық адам осы елде туса да сатқындық жасауы мүмкін. Сондықтан қайда туғанына қарап, азаматтарды бөле жаруға болмайды.


Бейтарап пікір

Марат БАШИМОВ,
заңгер:

– Бұл мәселеге біржақты қарау қиын. Өйткені бұл мәселенің айналасында түйткілді дүниелер баршылық. Өзге елдің аумағында дүниеге келуі секілді жағдайлар мемлекеттік маңызды нәрселерге келгенде кейінгі өміріне әсер етуі әбден мүмкін. Екінші жағынан келгенде бұл жерде азаматтың құқығы бұзылып отырғаны байқалады. Сондықтан бұл әлі де болса ұзақ талқылауды, асықпай байыппен ойлануды қажет ететін мәселе дер едім.




Көрілген: 1121    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 14.04.2014, 11:43

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз, 11:51
Ерекше мереке
25 Шілде, 19:09
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30