Отан қорғаушы отбасына алаң болмауы керек

Отан қорғаушы отбасына алаң болмауы керек

Отан отбасынан басталады. Бұл тұжырым қанша жаттанды болғанмен отан қорғап жүрген азаматтар отбасының маңызын күнде жақсы сезінеді. Жауынгердің отбасы да – күндіз, түні, алыс, жақында, отан қорғау қызметінде жүреді . Оның әрбір мүшесі өзін әскери қызметте жүргендей сезінетіні сондықтан. Олай болмаса отан қорғаушы сарбаз да өзін мықты сезінбес еді. Отбасына алаңдап жүрген жан елін қорғау ісінде ешбір жетістікке жете алмасы анық. Міне, сондықтан да әскери қызметкерлердің отбасына ерекше назар аударылады. Жауынгердің отбасымен жұмыс жүргізудің арнайы жоспары бар.

2017 жылғы қарашаның 8-і мен 10-ы аралығында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың жетекшілік етуімен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстың ұйымдастырылуы бойынша қызмет басшыларының жиыны өткізілуде.
Жиынға ҚР Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтардың әскери қызметшелерінің отбасы мүшелерімен жұмыстың ұйымдастырылуы бойынша қызмет басшылары қатысуда.

Жиын мақсаты 2017 жылғы қызметтердің жұмысын қорытындылау, олардың қызметін жүйелендіру, жаңа 2018 жылға тапсырмалар мен жоспарлы жеткізу болып табылады.
Жиын барысында үш күн бойы қызметтердің бірқатар басшылары өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөліседі. «Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөнінде қызметтердің жұмыс жүйесін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Сондай-ақ жиынға арнайы шақырылған қонақтар психология ғылымдарының докторы, медицна ғылымдарының кандидаты, профессор Ләйлә Асылбекова мен шешендік өнер бойынша бапкер, өзін-өзі танудан маман Светлана Фортуна жиын қатысушыларымен шебер сыныптар өткізеді.
ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде 2017 жылы әскери қызметшілердің отбасыларында моральдық-психологиялық климатты нығайту, әскери қызметшілердің отбасыларының рухани-адамгершілік және мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстың ұйымдастырылуы бойынша қызметтер құрылғанын естеріңізге сала кетейік.

С. Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста