Қазақ солдаты

Отан қорғаушының өмірі – Отан қорғауға әзірлік!

  • Отан қорғаушының өмірі – Отан қорғауға әзірлік!

    Отан қорғаушының өмірі – Отан қорғауға әзірлік!

Елдің қорғаныс қабылетін айқындайтын басты фактор – Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі және оның біліктілігі. Бұл факторларға үздіксіз дайындық пен жан-жақты әзірлік барысында ғана жетуге болады. Яғни, білікті армияға болу үшін тынымсыз тер төгу керек. Бейбіт уақыттың өзінде. «Бейбіт өмір сүргің келсе - соғысқа әзір бол» деп тек әскерилер ғана айтатыны сондықтан. Олардың басқаша айтуға хақысы да жоқ. Өйткені, отан қорғаушының өмірі тек әзірліктен тұрады.

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында екінші курс курсанттарының өздігінен ұшулары басталды. Онда майдандық және армиялық авиацияның болашақ ұшқыштары, жерүсті қызметтерінің мамандары білім алуда. Екінші курстың жиырмадан курсанты Ми-8МТ оқу-жауынгерлік тікұшағында өздігінен ұшуды орындады.



Шығару бағдарламасы (курсанттардың бастапқы оқуы) өткеннен кейін анағұрлым дайындалған курсанттар өздігінен ұшуға олардың әзірлігін анықтау үшін тексеруге ұсынылады. Жерүсті дайындық курсы бойынша сынақтарды тапсырған курсанттар Ми-8МТ оқу-жауынгерлік тікұшағындағы ұшуларға кіріседі. ҚР ҚК ӘҚК Әскери институтындағы армиялық авиация курсанттарының тағылымдамасы екінші курстан басталады және жыл сайын өткізіледі. Оқу аяқталуға жақындағанда курсанттар сексеннен аса ұшуды орындап тастайды.



Курсанттардың моральдық-психологиялық дайындығының дұрыс ұйымдастырылуы өздігінен ұшулардың және үйренушілердің әрі қарайғы ұшу дайындығының сәтті болуының маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осыған орай, қажетті білімді, шеберлік мен машықты жинақтау үшін курсанттарға ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің әскери бөлімдерінен келген тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылар көмектеседі.

«Нұсқаушының серпін беретін аялы сөзі курсанттардың жай-күйіне үнемі оң ықпал етеді. Алдағы аспанмен кездесуден қуаныш сезімі олардың белсенділігін арттырып, еркіндік қасиеттерінің пайда болуына итермелейді. Бүгінде ұшудағы барлық қойылған тапсырмаларды курсанттар «үздік» деген бағаға орындап шықты», - деді ұшқыш-нұсқаушы капитан Жанат Тұрмағамбетов.



«Осы жылдың қазан айында мен бақылау тексерісті «үздік» деген бағаға орындадым және өздігінен ұшуға рұқсат алдым. Ұшу алдында сәл-пәл толқыныс болды. Бірақ, мен аспанмен бетпе-бет келгенде өзімді жинақтап алдым. Сөзсіз, бұл күн мен үшін есте қаларлықтай болды», - деп ұшудан кейін курсант Мұхтар Дербішев алған әсерлерімен бөлісті.


С. Ақынжанов


 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.11.2017, 20:17

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз 2017
Ерекше мереке
25 Шілде 2017
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31