Қазақ солдаты

Рух пен арман жоқ жерде офицер пайда болмайды

  • Рух пен арман жоқ жерде офицер пайда болмайды

    Рух пен арман жоқ жерде офицер пайда болмайды

Отан қорғаушылар мен әскери қызметтің оң имиджін қалыптастыру ісінде әскери-патриоттық клубтардың атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Ашығын айтар болсақ, жыл сайын әскери қызметкерлердің қатарын толықтырып жатқан жастардың біразы сол клубтың мүшелері екені анық. Өйткені, бала-жастан ата-бабаның ерлік істерін өздеріне үлгі тұтып, өздерін әскери істің қыр-сырын меңгеруге бейімдейді олар. Соны армандайды. Сөйтіп, арманына нық қадам жасайды.





Атырау гарнизонының «Сарбаз» және «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері Қазақстан әскерінің бір күндік тыныс-тіршілігіне куә болып, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің өмірі және тұрмысымен танысты.



Болашақ Отан қорғаушылар Атырау гарнизонының 41433, 41321 әскери бөлімдеріне барды. Қару-жарақ және әскери техникамен танысты, сарбаз ботқасының дәмін татып, жеке құрамның кейбір сабақтарына қатысып, арнайы мақсаттағы бөлімше әскери қызметшілерінің көрсетпелі көрсетілімдері мен олардың кедергілер жолағын қалай өтетіндеріне куә болды. Кездесу соңында қонақтарға «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл» атты кітапты сыйға тартты.



«Әрине, бір күн ішінде еліміздің Қарулы Күштер қатарындағы қызметтің сипатына тиісті түрде баға беру мүмкін емес. Алайда, ортақ түсінік алуға әбден болады. Қазақстан әскері жыл сайын жетілдірілуде. Техника жаңартылуда, жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы артуда, қызмет өткеру үшін анағұрлым жайлы жағдай жасалуда. Бүгінде Қарулы Күштер қатарындағы қызмет азаматтың борышы ғана емес, бұл келешекте табысты мансап құруға мүмкіндік беретін абыройлы әрі беделді іс», - деп «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов атап өтті.




Жастар мен жасөспірімдерге тәрбие беру, әскери қызметтің имиджін көтеру және дене даярлығы мен спортты насихаттау жас ұрпақпен жұмыс жасауда Қарулы Күштердің басымдық бағыттары болып табылады.


С. Ақынжанов




Көрілген: 220    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 21:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30