Қазақ солдаты

САМУРАЙЛАР МЕН БАТЫРЛАР - БІР ИНСТИТУТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ

  • САМУРАЙЛАР МЕН БАТЫРЛАР - БІР ИНСТИТУТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ

    САМУРАЙЛАР МЕН БАТЫРЛАР - БІР ИНСТИТУТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ

Дамыған елдермен қарым-қатынас барлық салада және барлық деңгейде сабақтасуға тиіс. Қазақстанның қарыштап дамып келе жатқан экономикасымен қатар, елді қорғауға қабылетті Армиясы мен білікті әскери басшылығы бар. Егер Жапония елінің әскери басшылы кездесуге келген болса, осыны бағалағандықтан келді деп ойлаймыз.






Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Жапонияның Парламенттік қорғаныс Вице-министрі Такаюки Кобаяши мырзамен кездесті.

Олар екі жақты әскери байланыстың, сонымен қатар аймақтағы және әлемдегі қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

«Қазақстан мен Жапонияны бұрынан бері әріптестік қарым-қатынас байланыстырып келеді,-деп атап өтті генерал-полковник Сәкен Жасұзақов. –Біздің елдердің арасындағы екі жақты қарым-қатынас жақсы өрбу үстінде. Жоғары деңгейдегі кездесулер соның айғағы. Біз, сонымен қатар, аймақтағы және әлемдегі қауіпсіздікті сақтауға байланысты Астананың халықаралық кездесулердегі бастамаларын Жапонияның қолдап келе жатқанын жақсы білеміз».

Осы сапар барысында Жапонияның әскери делегациясы ҚР Бірінші Президенті – Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде болып, оқу-әдістемелік және материалдық базасымен танысты. Жалпы, екі елдің әскери-ғылыми топтарының әріптестігі әскери мамандардың біліктілігін көтеру мен заманауи білім беру әдістері саласында тәжірибе алмасуына жақсы мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар әскери делегация ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығындағы Әскери-тарихи мұражайын аралап танысты.

Шынын айтқанда, жапондардың самурайлық дәстүрі мен қазақтың батырлық институтының арасында ұқсастық көп. Екеуі де ар-намыс үшін аянбай, қажет болса жанын қиып жібере алатындардың мектебі, дәстүрі. Мұндай жанқиярлық елі үшін жанын шүберекке түйгенде ғана шығады. Екі ел арасындағы әскери байланыс бұдан да тереңдеген кезде батырлық дәстүрін ұштастыру, бірлесіп зерттеу мәселесі туатынына сөз жоқ.



С. Ақынжанов




Көрілген: 379    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 26.07.2017, 22:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30