Қазақ солдаты

Сапердің қателесуге қақысы жоқ

  • Сапердің қателесуге қақысы жоқ

    Сапердің қателесуге қақысы жоқ

Елдің қорғаныс қабылетінің жоғарылығы, сөз жоқ, әскери құрылымдар мен бөлімдер дайындығының мықтылығына байланысты. Сол себепті де олардың оқу-жаттығу сабағының өзі жорық жағдайында, ұрыс кезіндегі іс-қимыл әрекетінен еш кем болмауы тиіс. Міне, оқу-жаттығуға осындай биік талап деңгейінен қарағандықтан болар, Ирактағы соғыс кезінде Қазақстан бітімгершілік батальонының саперлері ерен ерлік көрсетті. Олар майдан алабын снарядтар мен минадан тазарту жұмысын өте сәтті жүргізе білді. Сөйтіп, мыңдаған килограмм жарылғыш заттар жиналып алынды, залалсыздандырылды. Бұның бәрі де біздің саперлердің біліктілігіне тікелей байланысты болғаны анық. Өйткені, сапер бір-ақ рет қателеседі деген ұғым бар. Бұл ақиқат. Сондықтан ол қателесуге тиіс емес.



ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметші саперлары жарылмаған оқ-дәрілерден полигондарды тазартуға кірісті


Жұмыстарға 500-ге жуық әскери қызметші, өтімділігі жоғары 40-тан аса бірлік техника тартылды. Құрлық әскерлерінің әскери қызметші саперларына 400 га ауданды алып отырған, оның шамамен 20 пайызын таулар алып отырған 30-дан аса полигонды тfзаратуды жүргізуге тура келеді.



Полигондардың жаппай жоспарлы тазартылуы жылына екі рет өткізіледі. Негізгі міндет жеке құраммен оқу сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жарылмаған снарядтар мен оқ-дәрілерді (қопару тәсілімен) жоюға негізделген.



Әскери қызметші саперлар арнайы жеке қорғаныс құралдары, броньды кеудешелер, сапердің арнайы қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етілген. 0,6 метр дейінгі тереңдікте қауіпті жарылғыш заттарды анықтау бойынша мина іздегіштерді іздестіру және барлаудың жаңа құралдарымен жабдықталған.



«ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері инженерлік-саперлік бөлімшелерінің әскери қызметшілері – бейбіт уақытта өздерінің өміріне қауіп төндіре отырып, қауіпті жарылғыш заттарды залалсыздандыру бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындайтындардың бірі болып табылады. Оқу полигондарының тазартылуы аяқталысымен Құрлық әскерлерінің Арнайы әскерлер бастығының төрағалық етуімен комиссия тиісті қорытынды шығарады. Одан басқа, анағұрлым ерекшеленген бөлімшелер мен әскери қызметшілер ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысының бұйрығымен көтермеленетін болады», - деп ҚР ҚК ҚӘ инженерлік әскерлер бастығы полковник Нұрлан Шаймахов атап өтті.


С. Ақынжанов




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.11.2017, 19:38

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз 2017
Ерекше мереке
25 Шілде 2017
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31