Сержантын көр де Армиясын таны!

Сержантын көр де Армиясын таны!

Әскери қызметкерлер арасында «сержант қайда болса - армия сонда» деген қанатты сөз бар. Армияның мақсат-мүддесін, оның іс-қимыл мүмкіндігін шын мәнінде түсінетін жандар үшін бұл сөз – ақиқат. Бас қолбасшы міндеттеген әрбір тапсырманың уақытында және бұлжымай орындалуы – ең алдымен сержант құрамының алғырлығына байланысты. Өйткені, жауынгерлер құрамымен тікелей жұмыс істейтін – солар.


Сондықтан да армияның кәсіби деңгейін шыңдап отыру үшін сержант құрамымен жұмыс тоқтаусыз жүргізіліп отыруы керек. Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс қабылетін биікте ұстаудың бір жолы осы болғандықтан сержант құрамын оқыту, кәсіби жетілдіру, дайындау жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Тіпті еліміздің бас әскери ведоствосында арнайы басқарма құрылған.

ҚР ҚК-нің взвод сержанттары Кадет корпусында біліктілік курсынан өтуде ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы базасында ағымдағы жылғы қазанның 23-і мен қарашаның 18-і аралағында взвод сержанттары біліктілікті арттыру курсынан өтуде.

Курстан өтуге түрлер, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтардың 40-тан аса взвод сержанты тартылды. Бағдарламаға сәйкес сержанттар тактикалық, атыс, дене даярлығы, әскери топография, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көшбасшылық сияқты пәндер бойынша оқудан өтуде. Сержанттар құрамы үшін сержанттардың базалық курсынан бастап взвод, рота мен батарея, батальон және дивизион, штабтар, бригада, базалар мен полктердің сержанттары курсына дейін дайындықтың жеті деңгейі қарастырылған.

Курстар Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығы негізінде өткізілуде. Ағымдағы жылы ҚР Қарулы Күштерінің он бір мыңнан аса сержанты әртүрлі дайындық курстарынан өткенін айта кету қажет.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде сержанттарды дайындауға үлкен мән беріледі. ҚР ҚК-нің сержанттар корпусы әскердің жауынгерлік қабілеттілігін нығайту жөнінде бірқатар маңызды тапсырмаларды орындайды. Атап айтқанда, сарбаздардың жеке жауынгерлік және дене даярлығы, әскери тәртіпті ұстап тұру және әскери қызметшілерге тәрбие беру, әскери қызмет өткерудің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану.

Сержанттарды даярлаумен байланысты барлық іс-шараларды ҚР ҚК Бас штабының Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасы ұйымдастырып, өткізеді.

С. Ақынжанов

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста