Қазақ солдаты

ШЫН БӘСЕКЕ ДОСТЫҚҚА ЖЕТКІЗЕДІ

  • ШЫН БӘСЕКЕ ДОСТЫҚҚА ЖЕТКІЗЕДІ

    ШЫН БӘСЕКЕ ДОСТЫҚҚА ЖЕТКІЗЕДІ

Әр жауынгер – спортшы, әр спортшы – жауынгер екені анық. Себебі, спортшыға қажыр-қайратпен қатар, әдісқойлық, ақыл-парасат керек. Болмаса, жеңіске жету қиын. Әр жауынгер де солай. Сол себепті де әскерде спортқа айрықша маңыз береді. Бұл қай елдің армиясында болмасын бұлжымайтын заңдылық. Әскери қызметкерлер арасында спорт жарыстарының жиі өткізілуі сондықтан.











Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің әскери қызметкерлері – бір кездегі бір Армияның өкілдері. Олардың арасында айырмашылықтан гөрі ұқсастық көп. Сондықтан да олардың арасында спорттық және басқа түрлі бәселелер мен жарыстар жиі өткізіліп тұрады.

Соның бір белгісі, міне, Қырғызстан жерінде, Балықчы қаласында ТМД елдерінің достастық армиялары арасындағы II - әскери-спорттық ойындарының салтанатты ашылуы болып өтті. ТМД-ның мүшесі ретінде Қазақстан Қарулы Күштерінің қызметкерлері де бар бұл бәсекеде.



Ойындар «Эдельвейс» оқу орталығында өтіп жатыр. Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан келген 300-ден аса әскери қызметкер медальдар үшін тартысқа түседі. Олар әскери қоян-қолтық айқас, гир спорты, әскери-спорттық кешеннің көпсайысы, офицер үшсайысы, табельдік қарудан ату және командирлер жарысынан сайысады.

Бұл халықаралық ойындарды ашқан Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Кубанычбек Орозматов қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тілей отырып, ойындардың мемлекеттер арасындағы әскери әріптестікті дамытуға негіз қалайтынын, достық пен түсіністіктің нағыз белгісі екенін атап өтті.

Әскери-спорттық ойындар 2017 жылдың 1-тамызына дейін жалғасады.



С. Ақынжанов



 





Көрілген: 329    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 26.07.2017, 22:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30