Қазақ солдаты

Төрт елдің теңізшілері арасында бәсеке болады

  • Төрт елдің теңізшілері арасында бәсеке болады

    Төрт елдің теңізшілері арасында бәсеке болады

Қарулы күштер Отан қорғауға әруақытта әзір тұруы керек. Бейбіт уақытта әскердің жауынгерлік қуатын жоғары ұстап тұруға мүмкіндік беретін бірден-бір дүние – бәсеке, жарыстар, спорттық ойындар. Сол себепті де бірнеше елдің Армияларының арасында «АрМИ» халықаралық ойындары бар екенін бұдан бұрын жазған едік. Сол АрМИ бәсекесі теңіздің бетінде де жалғасып отыр. Бұл жарыс «Теңіз кубогы-2017» деп аталады.



Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кемелері осы аталмыш бәсекеге қатысу үшін Пута портына келіп жетті. Бұл порт-қалада Әзербайжан Республикасының Әскери-теңіз күштері қоныс тепкен. Қазақстан теңіз күштерінің құрамында «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемесі мен қосымша «Қазақстан» зымыранды- артиллериялық кораблі бар. Қазақстан кемелерінің портқа кіруі әскери-теңіз салтанатына сәйкес болды. Енді біздің кемелер «АрМИ-2017» халықаралық ойындарында теңізшілер құрамы арасындағы теңіз сынына түседі.



Бұл күндері сынға қатысушы елдердің теңізшілері кемелерді теңіз бетіндегі бәсекеге дайындауға кірісті. Ең алдымен сынға кемедегі әскери қызметкерлер құрамы түсетіні белгілі. Бұл байқауға Әзербайжан, Қазақстан, Иран Ислам Республикалары мен Ресей Федерациясының әскери – теңіз қызметкерлері қатысады.


«Теңіз кубогы» халықаралық ойындары 1-11 тамыз аралығында өтеді.


С. Ақынжанов





Көрілген: 377    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 27.07.2017, 15:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30