Қазақ солдаты

Ұлттық қорғаныс саласын теориядан бөліп қарауға болмайды

  • Ұлттық қорғаныс саласын теориядан бөліп қарауға болмайды

    Ұлттық қорғаныс саласын теориядан бөліп қарауға болмайды

Бүгін әлем бойынша әскер ғылымы ең қарыштап дамып бара жатқан саланың бірі. Өйткені, елдің әскери қорғаныс қабылетін, армияның жан-жақты жарақтануын әскер ғылымынсыз дамыту мүмкін емес. Қазақстан Қарулы Күштерінің басшылығы да ғылымға назар аударуының басты себебі осы. Әрине, ғылымның аясы үлкен. Оның теориялық мәселелері тіпті ұшан-теңіз. Әскер саласы мамандары мен ғалымдар қатысатын семинар-тренингтер сол мәселелерді түйіндеп отырады.


ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен «Қазақстан жолы: Мәңгілік ел» тақырыбында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары, докторанттары мен профессорлық-оқытушылар құрамына арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының жетекші ғылыми қызметкерлері практикалық жаттығулар мен тренингтерге қатысты. Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова «Этникааралық және конфессияаралық келісім: стереотиптер мен теріс ұғым» тақырыбында дәріс оқыды.



Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бірінші орынбасары полковник Амангелді Тоғысов «Тұңғыш Президент кітапханасы өткізіп отырған мұндай семинарлардың арқасында Қазақстан Республикасының болашақ басқару құрамына инвестициялар құйылатынын атап өтті. Келешекте бұл салым еліміздің әрі қарай дамуына сөзсіз өз үлесін қосады. Білім беру бағдарламасы қазақстандық бірегейлікті нығайту мен дамытудың маңызды тетігіне айналады деп санаймын және алғыс ретінде кітапханаға «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл» кітабын сыйға тартты.


Өз кезегінде, кітапхана директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов университеттің ұжымына алғыс айтып, «Назарбаев моделі» және «Ұлы дала ұлағаттары» кітаптарын тарту етті.


Семинар-тренинг аяқталысымен барлық тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы кітапхана арасында ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум шеңберінде 20-ға жуық іс-шара өткізілгенін айта кетейік. Оған профессорлық-оқытушылар құрамы, университеттің докторанттары мен магистранттары санынан 500-ден аса адам қатысты.


С. Ақынжанов




Көрілген: 214    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 07.11.2017, 18:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30