Қазақ солдаты

Ұлттық қорғаныс университетінде өткізілетін курстың мәні

  • Ұлттық қорғаныс университетінде өткізілетін курстың мәні

    Ұлттық қорғаныс университетінде өткізілетін курстың мәні

Отан қорғаушының имиджін көтеру, елді қорғау әрбір азаматтың абыройлы парызы екенін түсіндіру – оңай шаруа емес. Бұл мақсатқа жету үшін кешенді шаралар жүргізілуі керек. Соның бірі – құқық қорғау органдары басшыларының Президент резервісінде тұрған қызметкерлерге арналған кәсіби деңгейді арттыру курстары болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында өткізілетін бұл шараның мәні өте үлкен.


Курстың ашылуына Президенттің көмекшісі – Қазақстан Рсспубликасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы генерал-лейтенант Владимир Жумаканов, ҚР Бас прокуроры Жақыпм Асанов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзәкіров қатысты.



Курс бағдарламасының тақырыбына сәйкес Ұлттық қорғаныс университетінің «Қарулы Күштері Бас штабының академиясы» факультетінің оқытушылары заманауи әскери қақтығыстардың, әлемдегі геосаяси жағдайдың сипатын зерделеу және өзге де тақырыптар бойынша сабақтар өткізеді. 2017 жылғы мамырда ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс универсиетінің базасында Құқық қорғау органдары академиясымен екіжақты меморандум шеңберінде Академиямен кадрлық резервте тұрған Президент резервісіндегі, прокуратура органдары қызметкерлерінің алғашқы курстық даярлығы ойдағыдай өткізілді.


«Біз үшін қолда бар инфрақұрылымды, әсіресе, Президент резервісіндегілерге курс өткізу үшін аудиорлық қорды қайта ұсыну үлкен абырой. Құқық қорғау органдарының академиясы сияқты жетекші ЖОО-лармен біліктілікті арттыру мәселелеріндегі ынтымақтастық - ведомстволарымыз, университтер мен әрине, оқып-үйренушілер үшін сөзсіз, білім беру ортасын кеңейту болып табылады», - деп генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров атап өтті.


Ұлттық қорғаныс университеті жетекші ведомствоаралық ғылыми-білім беру орталығы болып табылатынын айта кету қажет. Университетте ұдайы негізде ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің біліктілігін жоспарлы түрде арттыру жүзеге асырылады.


Жыл сайын ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университеті базасында 1000 адамға дейін біліктілікті арттырудан өтеді.


С. Ақынжанов




Көрілген: 187    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 20:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30