Отбасы - ошақ қасы

18 жасымда ойнап жүріп, от бастым

  • 18 жасымда ойнап жүріп, от бастым

    18 жасымда ойнап жүріп, от бастым

 Үйдің жалғыз қызымын. Ата-анам бетімнен қақпай, ұрыспай, ұрмай өсірді. Өте ақымақ, ерке қыз едім. Анама тартқан сұлу қыз болатынмын. 17 жасқа толдым. Ақыл тоқтататын жасқа келсем де, сол ақымақтығымнан құтыла алмадым. "Ойыннан от шығады",-дегендей, 18 жасымда өзім жақсы көрген жігітпен кездесіп жүрдім. Ол да мені шын сүйеді деп ойлайтынмын. Бірақ, олай болмаған екен. Солай ол мені алдады, ал мен ақымақтың аяғы ауыр болды. Кеш болса да бəрін түсіндім.


Анам мен əкемнің үмітін ақтап, сенімін сақтай алмадым. Қара бет болдым. Бірақ бұл жайында ешкім білген жоқ. Баладан айырылсам бəрі жақсы болып кетеді деп ойладым. Сосын дəріханадан бір емес екі-үш дəрі алып іштім. Ішім ауырып, шыдай алмағанымнан анама айттым. Ол ауруханаға алып барды. Өз баламды өз қолыммен өлтірдім. Бірақ біреуі аздай, екеу болыпты ішімде. Біреуі шетінесе, екіншісі тірі қалды. Оны да алдырғым келді, бірақ анам мені бірден ауруханадан алып кетті. "Осы баланы қалай болса да өмірге алып келесің", - деп бар дауысымен айқай салды. 2 аптадан кейін əкем мен анам жол апатынан қаза болды. Барлығына тек мен кінəлімін. Бірден киімдерімді жинап, өз ауылымнан кетіп қалдым. Басқа қалаға бардым. Ол жақта пəтер жалдап тұрдым. Жұмыс істедім, өзімді де баламды да бағуға тырыстым. 9 ай өтіп, қызымды өмірге алып келдім. Ол кезде небəрі 19 жастамын. Қатты қиналдым. Өкіндім, бірақ өкінгенмен бəрі жақсы болып кетпейтінін түсініп, болған жағдайды ұмытуға тырыстым. Бала бағу оңайға түскен жоқ. Қайда барсам да қызымды каляскасына жатқызып, өзім жұмысымды істеп жүре беретінмін(мектепте еден жуушы болып та істедім, үй жинаушы да болып істейтінмін). Қызым өте тұйық мінезді болды. 7 жасқа толып, мектепке барды. Ол мектепте, мен жұмыста. Қызыма сабағын істеуге көмектесетінмін. Ата-аналар жиналысында барлық мұғалімдер қызымды тəрбиелі, ақылды, пысық деп мақтайтын. Білем, мұндай сөздер əр ата-ана үшін маңызды шығар, бірақ мен сол кезде қатты ұялдым. Мен мұндай қыздың анасы болуға лайық емеспін деп есейтейтінмін, əлі де солай. Қызым 11 бітіріп оқуға түсті. Басқа қалаға кетті оқу оқуға. Мен жалғыз қалдым. Қызыммен ешқашан ана ретінде сөйлесіп, сырласып, ақыл айтып көрмегенмін. Барлығын білетіндей, түсінетін секілді. 18 жыл ішінде "Анашым, менің əкем қайда?",- деп сұрап көрмепті. Адамдар сұраса " Менің əкем отбасын асырау үшін күні-түні жұмыс істейді. Сол үшін үнемі жиналысқа анам келеді. Анам əкеме қолғанат болып жүреді",- деп айтады екен. Тіпті əке, ана мейірімін, махаббатын көрмеген қызым ешқашан ауыр сөз айтып көрмепті. Мен оны жанымнан артық жақсы көрсемде "Ботам, мен сені жақсы көремін, жаным!",- деп айтып көрмеппін. Ол да айтпайды. Бір үйде тұрсақ та бөтен адамдар сияқтымыз. Туылған күндерде, мейрамдарда неше түрлі сыйлықтар жасап, сыйлайтын еді. Ал мен болсам... Одан қатты ұяламын. Содан арада 4 жыл өтіп, қызым оқуын бітіріп үйге келді. Ең бірінші келген жігітке қызымды тұрмысқа бердім. Қызым жағдайымды жасап, күйеу бала екеуі үй алып берді. Сансыз шүкір!!! Өзім 46-дамын. Қызым 27-де. Сансыз шүкір 2 немере қызыммен 1 немере ұлым бар. Қызым иманды, əдепті, тəртіпті, тəрбиелі болып өседі деп ойламаппын.


Мұны не үшін айтып отыр дерсіздер. Менің басымнан өткенді жазуымның себебі, қазір біздің қоғамымызда бұндай жағдайлар орын алып жатыр, яғни некесіз бала туылу. Жас қыздарға айтарым, ешқашанда жігітпен жүруге асықпаңдар! Жүрсеңдер, өздеріңе ие болыңдар. Кейін өкініп отырмай! Адам болып келгесін, адам болып кету керек!


Аноним 




Көрілген: 2828    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.01.2018, 07:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31