Отбасы - ошақ қасы

20 жыл бойы зорлық көрсеткен азаматпен бірге тұрған әйел жан сырын ақтарды

  • 20 жыл бойы зорлық көрсеткен азаматпен бірге тұрған әйел жан сырын ақтарды

    20 жыл бойы зорлық көрсеткен азаматпен бірге тұрған әйел жан сырын ақтарды

Көкшетаулық Елизавета Ш. 20 жылдан астам уақыт азаматтық некеде болған. Айтуынша, ол әділдікке жете алмай жүр. Ал туған ұлы өзінен алшақтап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Елизавета өзінің бұрынғы жарымен 11 жасында, әпкесінің тойында танысыпты. Ол кезде жігіт 23 жаста болған екен. Екеуі біраз уақыт араласып жүріп, қыздың жасы 15-ке толғанда, азамат оны зорлап кетеді.


Лизаның ата-анасы аталмыш оқиғаны жасыруғы тырысып, С.-ға тұрмысқа береді. Сонымен, ару "ауылда ұят болмасын" деп, бала арманының барлығын артта қалдырады.


Лизаның жасы кәмелетке толмағандықтан, олар ресми түрде үйленбеген. Азамат кешірек неке құжатына қол қоямыз деп алдап, 22 жыл жүріпті.


16 жасында Лиза тұңғыш ұлына жүкті болады. Алайда жүйкесі жұқарып, күнде таяқтың астында қалғандықтан, одан кейін көтерген балаларын түсіріп ала берген.


Күйеуі күнде ішіп, шу шығаратындықтан, енесі олардың заттарын ұстатып, әлі салынып бітпеген үйге тұрыңдар деп жібереді. Екі бөлмеде тұрып, құрылыстың қалған бөлігін әйел өзі бітіреді.


Ер азаматы жұмыс жасамаса да, Лиза барлығына өзі жүгіріп, отбасылық жағдайын бір қалыпқа келтіргендей болады. Алайда С. біреуді атып кетіп, үш ай бойы қашып жүреді. Соңында бәрібір қолға түсіп, жазасын шартты түрде өтейтін болған.


Оның жалғыз ұлы үлкен азамат болып өсіп, спортта жақсы жеткістіктерге жете бастайды.


Уақыт өте келе, күйеуі ұрыс-керіс пен сабап тастауды тоқтатпаған соң, Лиза одан ажырасамын деп шешіпті.


"Мені тағы да қатты ұрып тастаған соң, мен үйден кетіп қалдым. Күйеуімді сотқа беріп, маған пәтер алып берсе дедім. Алайда сотта ол жеңіп кетті де, маған түк бермей қойды", -дейді Лиза.

Әйел қазір пәтер жалдап, екі жұмыста қатар істеп жүр. Бірақ оған ең ауыр тиетіні - баласының алшақтап кеткені екен. Лиза бұрынғы күйеуім ұлымды маған қарсы айдап салды деп отыр. Оның анасынан шеттеп кеткені соншалық, тіпті, үйлену тойына да шақырмай қойыпты. 




Көрілген: 2706    Пікірлер: 0

жұма, 06.04.2018, 11:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30