Отбасы - ошақ қасы

24 жасында тоқал атанған қазақ қызы бұл әрекетінен ұялмайтынын алға тартты

  • 24 жасында тоқал атанған қазақ қызы бұл әрекетінен ұялмайтынын алға тартты

    24 жасында тоқал атанған қазақ қызы бұл әрекетінен ұялмайтынын алға тартты

7 арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында Жеңісгүл Ермұқамет «тоқал болуды ұят санамаймын» деп өз оқиғасымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.


Алтай өңірінің қазағы сол елде жүріп 24 жасында 49 жастағы отбасылы ер адамға тоқал болған. Жеңісгүл Ермұқамет осы күнге дейін 16 құрсақ көтерген.


Екі баладан артық тууға тиым салынған елдің заңынан қорыққан ана сегіз балаға жасанды түсік жасатқан. Ал екі баласын елден тығылып жүріп босанды. Балалардың өз елінде өсуін армандаған ана мен әке отбасымен Қазақстанға көшуді жоспарлайды.


Жеңісгүл Ермұқамет 2004 жылы екі баласымен Алтай өңірінен Шығыс Қазақстанға қоныс аударады. Осы елге келгеннен бері Жеңісгүл тағы 6 баланы дүниеге әкеліп, көп балалы ана атанып отыр.


Араға 10 жыл салып 2014 жылы шығыстан Астанаға көшіп, қазір жары және балаларымен Астанада тұрып жатыр.


Жеңісгүлдің айтуынша, бәйбішемен де, бәйбішеден туған балалармен де ара-қатынасы өте жақсы. Отбасыда балалар бір-біріне бөтен емес, туған бауыр ретінде қарайды. Қазір көпбалалы әке және екі жары бар азамат 70-ке таяп қалған.


Ең кішкентай балалары бес жаста болса, үлкендері 44 жаста. Жақын арада Қытайда қалған бәйбіше Астанаға қоныс аударып, келін-балаларымен бірге тұруды жоспарлап жүр.


Бағдарлама барысында Жеңісгүл өз жарына үш әйел алып беруге ниетті екенін де айтып ой бөлісті.




Көрілген: 2292    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.05.2018, 23:12

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
23 Сәуір, 16:06
«Әке-шеше сатамын...»
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31