Отбасы - ошақ қасы

35 – 40 жас аралығындағы әйелмен бас қосқысы келеді

  • 35 – 40 жас аралығындағы әйелмен бас қосқысы келеді

    35 – 40 жас аралығындағы әйелмен бас қосқысы келеді

Таяуда Шымкенттегі меке­мелердің бірінің күзет бөлімінде жұмыс істеп жүрген Өтелбай деген кісімен (аты өзгертілді) кездейсоқ танысып қалдық. Сөз арасында оның әйелінің қайтыс бол­ғанын, бүгінде үйленгісі келіп жүргенін білдік. Сосын оған өзімізді қызықтырған сұрақтарды қойдық.


– Жасыңыз нешеде? Жалпы, неліктен үйленгіңіз келеді?


– Жасым – 70-те. Бірақ қаусап тұрғаным жоқ. Денсаулығым жақсы. Құдайға шүкір, балалар бар ғой, дегенмен әркім өз шаруасымен жүріп жатыр. Әйелім осыдан бірер жыл бұрын қайтыс болған. Кейде жалғызсырайтын кездер болады, сондықтан бас құрауды шештім.


– Қанша бала өсірген едіңіздер? Бұл шешіміңізді балаларыңыз біле ме?


– Үш ұл, үш қыз өсіргенбіз. Барлығы үйлі-жайлы болып кеткен. Балаларға шешімім жайлы айтқанмын, олар қарсы емес.


– Марқұм әйеліңіздің туыстарымен қатынасыңыз қалай? Олар бұған қалай қарайды?


– Қайын жұрт та бұл жайдан хабардар. Бұған қатысты аға-жеңгелерімнің де алдынан өткенмін. Ешқайсысы қарсы емес, рұқсатын беріп отыр.


– Ал өзіңізбен танысатын әйелдің жасы қай шамада болғанын қалайсыз?


– Жасы 35 – 40-тардағы әйелмен таныссам деймін.


– Егер баласы болса ше?


– Бір қызы болса да ештеңе етпейді.


– Ал ұлы болса...


– Бола берсін.


– Үйлене қалсаңыз барлық жағдайын жасай аласыз ғой? Өзіңіз зейнеткерсіз...


– Барлық жағдайын жасауға шамам жетеді. Өзім бүгінде қаладағы бір мекеменің күзет бөлімінде істеймін. Табысым бір отбасын асырауға жетеді.


– Бұрын қандай жұмыс істеген едіңіз?


– Менің мамандығым – мұғалім. Мектепте істегенмін, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болғанмын.


– Үйлене қалсаңыз, қайда тұрмақ ойыңыз бар?


– Әйелдің қалауына қарай, ауылда десе – ауылда, қалада десе қалада тұра береміз. Балалармен келісім бар, бөлек тұрамыз. Өйткені келіндер шаңырақты игеріп қалған, сондықтан бөлек тұрып сыйласамыз деп шешкенмін.


– Әйеліңіздің дүние салғанына біраз жыл өтіпті. Бұрын-соңды біреу-міреумен танысып, ой білдірген кезіңіз болды ма?


– Енді... әрекетсіз болмайды ғой. Бір әйелмен танысқаным бар. Үйіне ертіп барып, тұрмыс жайымен таныстырып еді, онша ұнамады. Үйлену үшін адамның көңілі қалап тұруы керек қой.


– Әйелдің қандай болғанын қалайсыз?


– Кімнің долы әйел алғысы келеді дейсің? Ер-азаматын сыйлай білетін жан болса деймін. Әйтпесе қиын ғой. Бір танысым бар, төрт мәрте үйленген. Дәм-тұзы жараспағандарымен бір-екі айдан кейін-ақ ажырасып кеткен. Менің өйтіп үйлене салғым келмейді. Шын мәнінде әйел болатын, еркекті қадірлей білетін жанмен таныссам екен деймін.


– Ендеше ниетіңізге жетуіңізге тілектеспіз.


...P.S. Біз бұл кісі жайында газетте жазып, телефон нөмірін көрсетуді ұйғардық. Ел ішінен оған жар болуға ниеттенетіндер шығып жатса, ол кісімен телефон арқылы хабарласуына болады. 


Өтелбай ағаның байланыс телефоны: 8-775-573-46-04.


Т. ТҰРАН


www.zamana.kz




Көрілген: 2768    Пікірлер: 0

жұма, 17.08.2018, 22:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31