Отбасы - ошақ қасы

5 әйел алған адамға ғашық боп қалдым

  • 5 әйел алған адамға ғашық боп қалдым

    5 әйел алған адамға ғашық боп қалдым

 Салем бəріне. Мен 28 жастамын. Жеке меншік компанияда жұмыс істеймін. Кейінгі кезде мен өзіме өөзім таң қалып жүрмін. Жақында жаңадан бастығым ауысты. Ер адам, жасы 55-тер шамасында. Бірақ туріне қарасам, жастар сияқты киініп, өз өзін əдемі күтеді. Мінезі түсініксіз, бірде жайдары, бірде қатал, бірақ өте тартымды  кісі. Əйелі бар. Ол кісімен еш байланысым жоқ, жаман ойламаңыздар. .

Бірақ таңқалатыным, ол адам өзіне тартады мені. Көзқарасымен, әрекетімен баурап алғысы кеп тұрғандай. Оған шаруамен кіргенде де басқа көзбен қарайды. Мен сеземін. Кабинетінен адамның белінен ұстап шығарып салады. Одан кейін екі иығымнан ұстап шығарып салып, күліп жарқырап мені көргенде сөйтетін. Ыңғайсызданып жүрдім.


Бірде мен ол кісінің тапсырмасын толық орындай алмағаным үшін ұрсысып қалдық. Ол маған 2 ай ашуланып жүрді. Енді осы бір жеті болды, қайтадан ашуы басылып назар аударғандай. Естуімше, ол өте  қызқұмар деседі. Жұмыста көргенде амандасамыз. Артық əңгіме жоқ. Бірақ көзімен ішіп-жеп қарайды. Мен қашуға тырысам. Оның иіссуы да тартады. Егер ол кісінің тапсырмасын орындамасам айқалайды, ренжиді. Орындап жүрсем жақындап бастайды, құшақтап, күліп жайдары жүреді әрі өзіне баурап алғысы кеп тұрады. Мен шошып кеттім. Ел жұрттан ұят болатынын білем, ақымақ емеспін. Жасымыз келіспейді, əрі үйленген. Қазіргісі  5-ші əйелі деп естідім.


Мінезім ұшқалақ деп айта алмаймын, бірақ менде сол кісіге деген түсініксіз сезім пайда болғандай. Ол кісіні ұнатамын. Қызық, мұндай басыма келеді деп ойламаппын. Өз өзімнен шошып жүрмін, енді не істеймін, кеңес беріңіздерші? Мұндай сезімнен қалай құтылсам болады. Артық сөз керек емес! Балағаттамай дұрыс жөн берсеңіздер екен! 


Аноним 




Көрілген: 3455    Пікірлер: 1

сенбі, 09.09.2017, 13:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31