Отбасы - ошақ қасы

7 жасымдағы зорлық есімнен кетпейді

  • 7 жасымдағы зорлық есімнен кетпейді

    7 жасымдағы зорлық есімнен кетпейді

Сәлеметсіздер ме.

Маған бұны жазу өте ауыр болды. Тірі жанмен бөліспеген сырымды жеткізіп отырмын. Өз басымнан өткен жағдайды жауыма да тілемеймін. Мұны жазуыма Сарыағаштагы 7 жасар баланың басынан өткен оқиғасы әсер етті.


Мен 20 жастамын, студентпін. 7-8 жасымнан бастап өзім білмеген түсінбеген қорлықтың құрбаны болдым. Жалғыз қыз болған соң туыстарымның балаларымен ойнайтынмын. Біздің көшеде туыстарымның барлығының балалары ұл балалар болды. Басында түсінбедім олармен еріп кете бердім ойнап жүрмін деп ойлап. 8-9 ұл қираған моншаға апарып жаман видеодан көргендерін істеді. Ешкімге айта алмадым. Бұл оқиға 10 жасымда карсылассамда тагы кайталанды. Анамның білетінін білдім. Елден ұят болады не бетімізді айтамыз деп әкеммен сөйлесіп отырғанын естідім. Месячныйдын да (12жас) алғашында не екенін білмедім. Анаммен мүлдем сырласа алмадык. Сол кезде мені караусыз ұлдармен бірге қоя бергені үшін іштей кінәлаймын. Балалық шағымнан осылай дақ каларын білмедім. Сол ұлдармен бір мектепте оқыдым. Олардың жүзін көрген сайын Өзіме өзім қол жұмсағым келген кездер де болды. Арасында туыс бауырым болды. Сол жағдайдан кейін туыстарыммен мүлдем араласпаймын. Адамдарға деген сенімім, сезімім өшті.

Қазір барлығына мойын ұсынып алдыма қойған мақсаттарыма мойын бұрдым. Дәрігерге қаралайын десем қорқамын. Пәктігімнен айырылып калдым ба деген ой маза бермейді. Жер басып жүргім келмейді. Ауылға мүлдем барғым келмейді. Сол жердің ауасын, адамдарын жек көремін. Кейін отбасылы болғанда күйеуіме осы жағдайды айтсам маған сенер ме екен. Менің бетіме басып табалайтын шығар. Мен бұған төзе алмаймын. Не істесем болады? Менің арқа сүйер адамым жоқ. Сырымды ешкіммен болісе алмаймын. Туыстарымнан да ата-анамнан да алыстадым, жакыным калмады.


М.




Көрілген: 6377    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.06.2018, 12:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31