Отбасы - ошақ қасы

Cіңіліңіз немесе қызыңыз осындай жағдайда болса, қандай кеңес берер едіңіз?

  • Cіңіліңіз немесе қызыңыз осындай жағдайда болса,  қандай кеңес берер едіңіз?

    Cіңіліңіз немесе қызыңыз осындай жағдайда болса, қандай кеңес берер едіңіз?

 Сәлеметсіздер ме әпке- жеңгелер! Сіздермен ой бөлісіп, кеңес алғым келеді. Менің жасым 22де Ақтөбе қаласынан боламын. Оқуымды ойдағыдай аяқтап, қалған мамандықтың иесі атанып, жұмыс жасаудамын. Жалпы өз жасымнан ерте мектепке барғасын ба, ерте есейіп, жұмысқа 18 жасымнан араластып. Меніде "Болашақ жарым қандай?" деген ой мазалап жүруші еді. Арасында армандапта қоямын. Мен үшін болашақ жарым Алладан қорқатын, жүрегінде иманы бар жан болғанын қатты қалайтынмын. Мені жақсылыққа шақырып, Аманатым деп қарап, иманымды толықтыратын жарымның кездесуін Алладан әркез тілеп жүретінмін іштей.

Алланың құдіреті шексіз ғой... Бір демалысымда жиен әпкемен ауылға жол түсіп, ата - анама бару бұйырыпты (өзім қалада жұмыс жасаймын). Көлікке отырдық. Көліктегі жүргізуші аға ауылдасым еді, бұрын сыртынан ғана танитынмын. Бір рет ауыз ашарда бірге қонақта болдық. Ол аға менің ата-анамды, отбасымды жақыннан танитын еді. Сөйтіп жол қысқарсын деп әңгіме айтып келе жатты. Бір кезде маған өзінің інісі бар екендігін және құда түскісі келетінін айтпасы барма. Мен аң таңмын. Інісінің үлкен екендігін жасырмады. Ата-анамен жақын туыс, сүйек жаңартып құда болғысы келетінін айтты. Мен іштей қорықтым, жасы үлкен болғасын. Содан не керек арада бір ай өткеннен кейін інісі вконтакте желісінен дружба жіберді. Сөйтіп қабылдап сөйлестім. Кейіннен номерімді алып жақынырақ таныстық. Таныса келе бойында құлшылығы, жүрегінде иманы бар намазхан екендігін білдім. Өзімнен 12жас үлкендігін естіп, іштей қарсы болдым. Шамалы уақыт сөйлескен соң жақсы адам екендігін түсіндім. Бірақ жас айырмамыз келмеген соң, сөйлескім келмейтінін айтып қоштасып, телефон номерімізді өшіріп тастадық. Кейінен жүрегім кішкене болсада мұңайып қалды. Іштей Алладан тілейміз, бірақ бұйырып беріп тұрғанда теріс айналғаным қалай деген өкініш болды. Арада 3-4 күн өткен соң бұйырғаны болдыма қайтадан жазып, сөйлескісі келетінін айтты. Сөйтіп тіл табысып сөйлесіп жүрдік. Заңгер мамандығын бітіргенімен жұмыс жасамаған. Үй салып, үйдің ішкі жөндеу, сәндеу (евроремонт) жұмыстарымен айналысады. Сөйлесіп жүріп оның бойынан Ер адамға тән көптеген қасиеттерін бағалап, іштей риза болатынмын. Бір-бірімізді толықтай білмесекте мінезіміздің ұқсастығын, өмірге деген көз қарасымыздың бірдей екендігін байқадым. Отбасына келер болсақ анасы бар (әкесі 10 жыл бұрын өмірден өткен екен), 7 ағайынды, отбасының 4ші баласы. Қалада анасы мен бауырларымен бірге тұрады.

Уақыт өте келе кездесетін күнде келіп жетті. Іштей қобалжып, бір түрлі болдым. Ең алғаш көргенімде ұялып, жүзіне қарай алмадым. Кейін өзімді еркін ұстап үйрене бастадым.Ортамызда ерсі қылықтар мен әбестік әңгімелер болған емес. Аға мен қарындас ретінде сөйлестік. Кездесуден кейін көңілім жылып, жүзіме еріксіз күлкі үйірілді. Өз бақытымды тапқандай әсерде болдым. Бұйырса жазда үйленгісі келетін ойы ниеті бар екендігін айтады. Мен іштей дайын болғанмен ата-анама қалай айтарымды білмей жүрмін. Сіздердің сіңілдеріңіз немесе қыздарыңыз осындай жағдайда болса қандай кеңес берер едіңіздер?




Көрілген: 2783    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.04.2018, 08:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31