Отбасы - ошақ қасы

Ағам отбасы ойран болатынын түсінбей жүр...

  • © Depositphotos

    © Depositphotos

Менің ағамның жасы қазір 32 жаста. Сүйіп қосылған жары, үш бірдей баласы бар. Мен ағам мен жеңгемнің үйіне анда-санда барып тұрамын. өйткені өзім қалада оқимын, олар ауылдық жерде тұрады.


Ауылға барған сайын кластастарыммен араласып, құрбы қыздармен кешке серуендейтініміз бар. Жақында бір топ қыз әңгімелесіп отыр едік, көкемнің машинасына өзімнің кластас қызымның мініп бара жатқанын байқап қалдым. Алғашында түкке түсінбей қалдым. Сөйтіп тұрғанымда қасымдағы құрбыларым: "Сен ештеңе білмейтін бе едің, Сенің ағаң осы қызбен жүріп жүр" дегенде не айтарымды білмей қалдым.


Әрине, мен оларға сенбедім, сенгім де келмеді. Бірден ағамның үйіне бардым. Үйдің ауласында машина жоқ, үйге кіріп ағамның қайда кеткенін сұрап едім, ол еш алаңсыз: "Достарына кеткен, біраздан соң келіп қалар. Көшенің басында тұратын Дамирдың үйінде отырамын деген" деді жеңгем.


Үйден шыға сала Дамирдың үйіне бардым, олардың ауласы тым-тырыс, ешкім көрінбейді. Қайтадан кері қайтып үйге қарай келе жатсам, ағамның машинасы тұр. Ішінде ағам менің кластасыммен жабысып, аймаласып отыр.


Неде болса оны үйдің алдында күтіп тұрдым да, ол үйге келгенде оның кіммен қайда болғанын көргенімді, бәрін білетінімді жайып салдым. Ол маған өзінше бірдеңе түсіндірген болып, жеңгеме айтпауымды өтінді, екеуміз біразға дейін сөзге келісе алмай, мен оған жылап тұрып бұл опасыздығын тоқтатуды өтіндім. Ол маған ашуланып: "Мен не істесем де өзім білемін, сенің шаруаң болмасын, жайыңа жүр деп айқайлады. Оның ештеңе түсінгісі келмейтінін сонда білдім.


Ертеңінде жеңгеме қарауға бет жоқ, ішімнен тынып үндемей жүрдім. Сосын барынша батылымды жиып, ағамның жүріп жүрген қызына, өзімнің кластасыма барып оның бұл әрекеті дұрыс емес екенін, бала-шағасы бар ағамды жайына қалдыруын сұрадым. Сонда ол маған шімірікпей тұрып: "Мен болмасам да сенің ағаң басқа қызбен жүрер еді. Біреудің арасына түсіп қайтесің" деп өзіме дүрсе қоя берді.


Мен жеңгемді аяймын. Егер ол бар шындықты біліп қалса, балаларын алып кетіп қалады ғой. Ағам өзінің отбасын өзі ойрандайтынын неге түсінбейді?....


Аноним


alashainasy.kz/


 




Көрілген: 6682    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.11.2018, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30