Отбасы - ошақ қасы

Ажырасқаныма өкінем...

  • © sdelkadrom.ru

    © sdelkadrom.ru

«Алаш айнасының» осы айдарынан қилы тағдырларды оқып, проблемасыз пенде жоқтығына көзім жетті. Қарап отырсам адамдар проблеманы өздеріне өздері жасайды екен. Әйтеуір біреудің проблемасына қарап кейде өзіңнің проблемаң жеңіл көрінеді, кейбірінен ойланып, қортынды шығарасың. Өзім де қартайып тұрғам жоқ, жасым 25-те.


Алайда бұрынғыдай емес, айналама қорқасоқтап қараймын. Бұрын өзімді ғана ойласам, енді қызыма да жайлы әке болар адам іздеп, алаңдаймын. Бірақ мінсіз адам болмайтынына, ер адамдардың да әрқайсысының өз міні болатынына көзім жетіп келеді. Соны көргенде осыдан төрт жыл бұрын ажырасқаныма өкінемін.


Марат екеуіміз екі жылдай кездесіп жүріп, шаңырақ көтердік. Арамызда әжептәуір сезім де болды. Алайда Мараттың анасы мазасыздау адам екен. Барлық нәрсеге араласатын. Балаға киім алсақ та, үйдегі жарық жанып қалса да, тамақ сәл көптеу істелсе де, абайсызда ыдыс сынса да сөйлейтін.


Бір үйдің жалғыз қызы болып, еркелеп өскен маған мұның барлығы сұмдық көрінді. Сөз қайтаратын болдым. Аяғында Марат та екі оттың ортасында қалғандай қиналатын. Анасына да «үлкен адамсыз ғой, біз Шынар екеуіміз бәрін табамыз, төлейміз барлық комуналдық қызмет ақыларын, сіз тек үндемей отырыңызшы» деп, маған да жалынатын «сен-ақ қоя салшы үлкен адам ғой, бәрібір оны біз жөндей алмаймыз» деп.


Ақырында анасының арасына түсіп, маған қол жұмсай бастағанда «анасы маған тиіседі, ал Марат түсіну орнына мені ұрады» деп бірбеткейлігіме салынып үйден кеттім. Анам әрине «жалғыз қызымды жылатып қоймаймын» деп, қабыл алды. Қызымды анама қалдырып, жұмысқа шықтым.


Сонымен уақыт өтіп жатыр. Мен кеткен соң Марат екі айдан кейін артымнан келген, алайда «бөлек шықсақ ғана барамыз» деп шарт қойдым. Қазір ойлап отырсам осының барлығы ақымақтық болған екен. Маратты ең қымбат адамына қарсы қоймай керсінше, тіл табысуға тырысуым керек еді. Ол кезде жас болдым, анам да менің аңырап жылай бергеніме қарап, олай ақыл айтпады.


Кейін екі жылдан соң Марат екінші қайтара шаңырақ құрды. Ұлы бар деп естимін. Келіншегін де көрдім, әп әдемі қыз екен. Алайда бір рет тұрмыстан қайтқан адамға екінші қайтара тұрмысқа шығу оңай емес екен. Қазір ойласам, Мараттың жақсылығы үшін бәріне түсіністікпен қарауым керек еді. Тіпті болмаса өзім көніп, кетіп қалмай-ақ жеңгелеріме, анама келіп шер тарқатып жүруіме де болар еді ғой.


Бір дос қызым бар, әр кездескен сайын, қайын жұртының кейбір істерін күліп айтып отырады. Ол барлығын жеңіл қабылдап үлгерген. Немесе мен де солай барлығын жүрегіме жақын қабылдамай жеңіл қабылдап үйренуім керек еді. Қазір бәрі кеш. Бәрінен бұрын әкесіз өсіп жатқан қызымды аяймын. Жақында інім де үйленемін деп жүр. Ол үйленсе қызыммен төркінімде жүргенім де ыңғайсыз. Бәрін ойлап шаршап кетемін. Қыздар шаңырақты сақтау әйел адамға байланысты екен. Лажы болса шаңырақтарыңды сақтауға тырысыңыздаршы.




Шынар, Ақтөбе қаласы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 2493    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.09.2018, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31