Отбасы - ошақ қасы

Ажырассақ та араласып тұрамыз...

  • © alashainasy.kz

    © alashainasy.kz

Ерлі-зайыптылар ажырасса болды бір-бірін көрмей тіпті бір-біріне жау болып кетеді. Ал бізде мүлдем олай емес. Көзі ашық, көкірегі ояу жаңа заманның адамдарымыз ғой. Ажырассаң да біріңнің-бірің көңіліңді қалдырмай, кездескенде сәлемің түзу болғаны дұрыс деп ойлаймын. Ажырастым екен деп басыңды төмен ұстаудың да қажеті жоқ.


Ахмет - Қостанайдың жігіті, мен - Алматылықпын. Ахмет екеуіміз Мәскеу қаласында бірге оқыдық. Кейіннен үйлендік. Үлкен ұлымыз дүниеге келген соң, ата-енемнен бөлек енші алып шықтық. Пәтер жалдап тұрдық. Екінші балаға аяғым ауыр болған кезде Ахметтің жеңіл жүрісін байқай бастадым. Осылайша ұлымыз дүниеге келді. Арамыз суып кеткендей болды. Менің күйеуіме деген өкпем қара қазандай. Есіл-дертім, алданышым - екі балам ғана.


Бір күні Ахметтің көңілдесі бар екенін сезіп, "ажырасамыз" дедім. Келіп жатқан смс хаттары мені мезі етті. Менің де мінезім бірбеткей еді. Айтқанымнан қайтпадым. Ахмет қанша жалынса да, ата-анамыз ақыл айтса да "ажырасамыз" деп тұрып алдым. Осылайша біз ажырасып тындық.


Ол ата-анасымен тұрып жатты. Ал мен Алматыдағы әке-шешем сыйға берген бір бөлмелі пәтерді сатып, Астанадан қарапайым үй алдым. Астана жаңа астана болып жатқандықтан, мен үй сатудың шебері болып алдым. Бір үй аламын да бір айдан соң үстіне ақша қосып сатамын. Осылайша сол жағалаудан үш бөлмелі үлкен үйге қол жеткіздім. Өзіме көлік те сатып алдым.


Ахмет те жақсы қызметте. Қашанғы жүрсін, ол да екінші рет үйленді. Балалары да бар. Өз басым екінші әйелін де балаларын да көрген емеспін. Ата-енем де бізді көргенде олар туралы әңгіме қозғамайды. Екі баласына да алимент төлеп тұрады. Аптасына екі рет үйге келіп балаларының жағдайын біліп кетеді. Тіпті ата-аналар жиналысына да барады. Кішкентай ұлымды сабақтан кейде өзі әкеп тастайды. Іссапарға кетсем, балалар қасында өзі болады. Бірақ, менің Ахметтің жеке өмірінде еш шаруам жоқ. Ата-енемнің үйіне де балаларды жіберіп тұрамын. Олар да туған күн, мерекелерде келіп тұрады. Балалардың киімі, жазғы каникулда шетелге шығу қаржысы түгел Ахметтің мойнында. Ол да мені тексеріп, миымды ашытпайды. Тіпті кейде жасыратыны жоқ, ешкім жоқта ретін тауып құшақтасып та аламыз. Үшінші бала табуға ол да мен де қарсы емеспін.


Үйінде не болып жатқанын кім білсін, бірақ ешқашан «екінші әйелім ұрыс шығарды немесе сендерден мені қызғанды» деп әңгіме айтқан емес. Менің де ол әйелден Ахметті тартып алатын ойым жоқ. Балаларым да әкелерінің осы жүрісіне үйренген. Отбасы бар екенін білсе де ешқашан ол туралы сөз қозғаған емес. Мен де ұлдарыма әкелері туралы жаман айтып, беттеріне басқан емеспін. Үнемі әкелері туралы жақсы сөз айтып, қателік жасаса «Әкелеріңе айтамын» деп қорқытамын.


Әйел адамға ер балаларды тәрибелеу деген өте қиын екен. Сол уақыттары күйеуімді қайтарып алсам деген бөтен ойдың да болғаны рас, бірақ өткен өмірдегі "өкпем" әлі кетер емес. Жіби алмадым. Жек көріп те кеткен жоқпын. Өшпенділік, қызғаншақтық, ғашықтық деген сезім де жоқ. Ұлдарымның барлық мәселелерін ұрыс-керіссіз екеуіміз бірігіп шешуге тырысамыз. Оның менің жеке өмірімде де шаруасы жоқ. Мен де оның алдында есеп бермеймін. Қазіргі өміріміз оған да, маған да жайлы сияқты. Ең бастысы ұлдарым әкелерінен алыстап кеткен жоқ. Әкесіз баламыз деп жүнжіп кеткен жоқ! Негізі, ажырасу қазіргі таңда қалыпты жайтқа айналып кеткен сияқты. Бірақ көбі дүниені бөліске сала алмай ұрыс-керіс шығарып, кейбір «көкек» әкелер алимент төлемей, әйелдері сотқа беріп қырқысып жатады. Шешім қабылдадың ба, өткеніңді есіңе түсірмей, тек болашақты ғана ойлау керек деп ойлаймын. Не нәрсені ойлап, бірігіп шешкен жөн. Отбасындағы жанжал мен орынсыз дау-дамайлар бала психикасына әсер ететіні шындық. Менің ажырасу туралы ойым осындай, ал ағайын Сіздер не айтасыздар?


Динара Азбергенова


alashainasy.kz 




Көрілген: 2263    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жексенбі, 08.10.2017, 10:23

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қыркүйек, 09:26
Қыз күнінде бәрі жақсы...
15 Қыркүйек, 10:29
Енем мені менсінбейді
7 Қыркүйек, 10:48
Мұғаліміме ғашықпын...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30