Отбасы - ошақ қасы

Ажырассам ба, не істеймін...

  • © enioplus.ru

    © enioplus.ru

Сәлеметсіздер ме! Мен де өз басымдағы жағдайды сіздермен бөліссем деп едім. Бір жағынан сіздерден кеңес сұрап, ішімдегі алай дүлей болып жатқан сырды сіздерге айтып жеңілдесем деймін. Тұрмыс құрғанмын. Қазір үш жылдан асты. Бір жасар қызым бар. Емін еркін өскен, әке шешемнің жалғыз қызы едім. Күйеуге шығып таяқ жеудің не екенін білдім. Сол таяқтың кесірінен бірінші сəбиім түсіп те қалды.


Үш айдан соң қазіргі қызыма аяғым ауыр болғанда жолдасым көзіме шөп салды. Оны да қызым үшін кешіріп, отбасымды сақтауға тырыстым. Барлығынан бұрын отбасымның сақталуын, арамызды суытып алмауды ойладым. Жоқшылықты да, аштықты да көрдім. Мойныма пышақ та тақап, «өлтірем» деп қорқытқан күндері де болды. Сендім «бəрін жеңеміз» деп, алдағы күндерден үміт күттім.


Шаңырақ құрғанымызға екі жылдан асқан соң төркініме келдім. Мен кеткен соң, тағы көзіме шөп салуға әрекеттеніпті. Мен кеткен соң үш күннен кейін бір қызбен сөйлесіпті. ВКда «сағындым сені ойлап жатырмын» деп жазғанын оқып қойдым. Сол үшін ренжісіп қалдық. Тағы да арамызда ұрыстар болды.


Енді сол қызды тұрып жатқан пәтерімізге кіргізіп алыпты. Қыздың менің төсегімде жатқанын менің əпкемдер өз көздерімен көрді. Əпкемдер пәтерге менің дипломымды алуға барған. Сол жағдайды естігеннен бері қатты қиналып кеттім.


Міне бір ай өтті естігеніме. Төркінімде жатырмын. Ораза айында болған жағдай. Ол аздай екеуі қыдырған, ең сорақысы мешітке барған екеуі. Кафелерде, парктерде ашықтан ашық жүріпті.


Анау ардан безген қыз ұялмайды да. Енді жолдасым кешірім сұрап «қосылайық ажыраспайық» деп жатыр. «Сені қимаймын жақсы көремін» дейді. Не істесем болады?


Қысқартып жазып отырмын. Ақылдарыңызды айтыңыздаршы. Өзім жұмысқа шыққалы жатырмын, қызымды өз мамама тастап кетемін аяғымнан тұрып алғанша. Кешіріп қайта қосылсам тағы қайталанбайма деген қорқынышым да бар. Бір жағынан жолдасымды қимаймын менде оны жақсы көремін. Бəріне шыдап келгенімде маған сондай опасыздық жасағанына жүрегім ауырады. Түсініктірек жазуға тырыстым, ақыл қосыңыздаршы ағайын.


Жанар АЙЫМБЕТ, Алматы қаласы  


alashainasy.kz/




Көрілген: 1403    Пікірлер: 0

жұма, 19.10.2018, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30