Отбасы - ошақ қасы

Ақшаға тойымсыз ата-ана тұрмысқа шыққалы жатқан қызының болашағына балта шапқан

  • Ақшаға тойымсыз ата-ана тұрмысқа шыққалы жатқан қызының болашағына балта шапқан

    Ақшаға тойымсыз ата-ана тұрмысқа шыққалы жатқан қызының болашағына балта шапқан

Қазақстандық азаматша құрбысының інісі үйленер алдында қандай жағдайға тап болғанын айтып берді. Айтуынша, ер адам сүйіктісінің ақшаға тойымсыз ата-анасының кесірінен тойдан бас тартуға мәжбүр болған деп жазады NUR.KZ.


Оқиға Fasebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» парақшасында жарияланған.


"Құрбымның әкесі сегіз жыл бұрын қайтыс болған. Сол себепті ол үй жұмыстарын өз мойнына алып, кіші балаларды аяққа өзі тұрғызды. Оның кіші інісі үйленбек болғанда да құрбым бар жұмыспен өзі айналысты" , - деп бастады ару.

Алайда, болашақ құдалармен қарым-қатынас басынан бастап дұрыс болмаған. Анықталғандай, қыздың ата-анасы бірінші кездесудіңн өзінде үлкен қаражатты талап етті.


"Аталарына жылқы, шапан, анасына - норка, інілеріне - алтын сақиналар. Оған қоса ақшалай 500 мың теңге, кілем және тағы да басқа ұсақ-түйектер беру керектігін айтты.

Ресторанға тапсырыс берген кезде олар тіпті құтырып кетті. Енді әкесіне алтын, анасына гауһартас беруді талап етті. Сонымен қатар, өздерімен келген 24 адамға көрпе мен екі жастық бересіндер деп міндеттеді" , - деді бойжеткен.

Бұғандейін талап еткен 500 мың теңге болса миллионға ауысып кеткен.


"Құрбым әрине олардың айтқанын жасай алмады. Ол құдаларға 300 мың теңге, атасына киім, құдаға сақина мен талап еткен киімін бермек болды" , - деді ару.

Алайда, қалындықтың туыстары оған келіспей, қыздарын тұрмысқа шығармайтындарын айтып қорқытқан болатын.


"Оған қоса, олар отбасының жағдайын түсініп миллион теңгені бөліп төлеуге рұқсат берді. Бұл жағдайды одан бетер ушықтырды. Құрбым мен інім өзара ақылдаса тойды болдырмауды шешті" , - деді бойжеткен.

Өз ашуын желіде жеткізген ару қыздың ата-анасының ақшаға тойымсыздығын сынға алып, балаларының болашағаны балта шапқанын айтты.


 




Көрілген: 1827    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.10.2018, 16:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31