Отбасы - ошақ қасы

Ақтауда қыздың жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған видеосы отбасына жолданбақ

  • Ақтауда қыздың жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған видеосы отбасына жолданбақ

    Ақтауда қыздың жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған видеосы отбасына жолданбақ

Бұл туралы Ақтау ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Аманнилла Абдуатов айтты.


Жеңіл жүрісті қыздардың туған-туыстарына олардың жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған сәті түсірілген видео жіберілуі мүмкін. Бұл туралы Ақтау ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Аманнилла Абдуатов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.


"Біз деректер базасы бойынша олар туралы мәліметті қарап, мекенжайларына хат жолдаймыз. Туған-туыстарына олардың ісі туралы хабар беріп, полициямен сөйлескені, жезөкшелікпен айналысқанын мойындағаны бар видео дәлелдерді жолдаймыз", — деді Абдуатов.


Бұл шешімнің қаншалықты заңға сай келетіні туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне адвокат Талғат Мылтықбаев айтып берді.


"Мәселен, сот шешімі шығып, әкімшілік айыппұл салынатын болса, хат жолдауға болар еді, дегенмен бұл оңай дүние емес. Екінші жағынан ол видеолардың қалай түсірілгенін кім білсін. Бәлкім, оларға қысым жасалған шығар. Бұл жеке мәліметті ғана емес, компроматтық ақпаратты тарату болып саналады. Полиция мұны профилактикалық шара ретінде қарастырып отырған шығар, бірақ заң жүзінде еш негіз жоқ. Ұсталғандардың жезөкшелікпен айналысқанын сот қана анықтай алады. Мұның қалай жүргізілетінін, хаттың қалай жазылатынын қарау керек. Хаттың мәтініне де көп нәрсе байланысты", — деді Мылтықбаев.


Бейсенбі күні Ақтауда рейд кезінде құқық қорғау органдары ақшаға интимдік қызмет көрсетіп жүрген алты қызды ұстады. Оларға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған, яғни — 12 025 теңге.




Көрілген: 4237    Пікірлер: 2

жексенбі, 25.02.2018, 20:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30