Отбасы - ошақ қасы

Ақтаулық келіншек үш баласы мен күйеуіне айтпай, тұрмысқа шығып кетті (фото)

  • Ақтаулық келіншек үш баласы мен күйеуіне айтпай, тұрмысқа шығып кетті (фото)

    Ақтаулық келіншек үш баласы мен күйеуіне айтпай, тұрмысқа шығып кетті (фото)

"34 жастағы жігіт пен 65 жастағы әжейдің үйлену тойы" деп желіні шулатқан жас жұбайлардың басынан дау арылмай тұр. 34 жастағы Гоззал Көшмұратованың бұрынғы күйеуінің туыстары жеңгелерінің күйеуге шығып кеткенін БАҚ беттерінен көрген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Гоззал Көшмұратова қазіргі күйеуімен


Үш баласын тастай қашып, беташар жасатқан келіншек бұрынғы күйеуінің туыстарын "əкеме барамын" деп алдаған.


"Болатын нəрсе болды. Ол түзелмейді, ертеден солай жүретін адам. Менің ағаммен 14 жыл бірге тұрды. Олардың 2, 4, 6-шы сыныпта оқитын ортақ үш баласы бар. Інім вахтада жұмыс істейді. Үш баланың шешесі жігіт іздеп Атырауға өз аяғымен барып тұр. Күйеуі жұмысқа кеткенде балаларды қамап кеткен. Қалай жүрегі дауалап кетті екен? Аш отырған балалар айқайлап, көршілер арқылы əкелерін шақыртқан. Інім əйелін бір апта іздеп, полицияға арыз жазды", - дейді Гоззалдың бұрынғы күйеуінің қарындасы Катя Омарова.

Айтуларынша, олар шарқ ұрып іздеп жүрген жеңгелерінің беташарын NUR.KZ-тен көріп, шалқаларынан түскен.


"Оның үйлену тойын NUR.KZ-тен көрдік. Ол кезде күйеуі оның тұрмыс құрып кеткенін білмейді. "Қорлық көрдім" депті. Күйеуінің қойнында жатып, қандай əйел басқа еркекпен сөйлеседі? Жолдасымен бір төсекте жатып, сегіз ай бойына басқа еркекпен сөйлескен. Барлығын тілінен табады", - дейді ол.

Туыстары бауырларының шаңырағы шайқалғанда есеңгіреп қалған. Қазіргі уақытта аналары тастап кеткен үш баланы бағу үшін ауылдан əжесі келіпті.


"Əжесі ауылдан келіп үш баланы бағып отыр. Балалар үшін қиналамыз. Менің ағама да қатын табылар. Үш бала жəутеңдеп қалады. Əйел кетті, енді бала əкесімен қалса дейміз. Ана жақта бір бөлмелі жатақханада тұрса, балаларды қайда апарады? Оның үстіне балалардың не өзінің құжаты жоқ. Қандай əйел екенін осыдан-ақ біле беріңіз. Мен түсінбеймін, біреудің əйелін қатын қылатындай ана еркектің басына не күн туды екен?", - дейді бұрынғы күйеуінің туыстары.

Қазіргі уақытта Гоззал Көшмұратова бұрынғы күйеуімен балаларын бөлісе алмай, дауласып жүр.


Еске сала кетейік, жақында екі жастың беташарында жасалған видео желіні кезіп кеткен еді.


NUR.KZ




Көрілген: 8289    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.02.2018, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31