Отбасы - ошақ қасы

Ақтөбе тұрғыны перзентханаға асыққан әйелін үйден шығарда босандырып алды

  • Ақтөбе тұрғыны перзентханаға асыққан әйелін үйден шығарда босандырып алды

    Ақтөбе тұрғыны перзентханаға асыққан әйелін үйден шығарда босандырып алды

Ақтөбе қаласының тұрғыны әйелін үйінің кіре берісіндегі баспалдақта босандырып алған. Әйел аяқ-асты босанып, кіндік нәрестенің мойнына оралып қалған екен. Дегенмен ер адам сасқалақтамай сәбиін аман алып қалған, - деп хабарлайды "Диапазон".


Аян Ұланның сөзінше, әйелінің толғағы түнде басталған. Олар бірден ауруханаға бармақ болады. Олар такси шақыртып, керек-жарағының бәрін алған. Бірақ әйелі үйден шығып бара жатқанда босанады. Оқиға Әйтеке би көшесіндегі № 43 үйде болған. "Ол баспалдақпен түсіп келе жатқан, осыдан кейін басталды. Сұлуымды көрпе жайып жатқыздым, ол сасқалақтап тұрды. Тыныштандырып отырып, "Дем ал! Күшен!" деп қайталай бердім. Үшінші рет күшенгенінде босанды. Бірақ сәби жыламады. Кіндік мойнына оралып қалыпты. Тарқатып жібергенімде жылады. Сасқаннан 101-ге, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыппын. Сосын ғана жедел жәрдемге. Жылдам келді, екі минутта жетті. Медициналық білімім жоқ, байланыс саласындамын. Дәрігерлер мен жедел жәрдемнің 12-ші бригадасына: Надежда Филиппова, фельдшер Маматова және жүргізуші Болатхан Жиенбаевқа алғыс білдіргім келеді. Жедел жәрдем әйелді бірден ауруханаға алып кеткен. Қазір әйел адам аман-есен үйіне оралған, туыстарының ортасында. Сәбиге 40 күн толмағандықтан, ырымдап атын айтпады. Бұл сәби отбасындағы екінші бала.

 




Көрілген: 889    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.07.2018, 13:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30