Отбасы - ошақ қасы

Ақтөбелік келіншекті 26 жыл бұрын тастап кеткен баласы іздеп барды

  • Ақтөбелік келіншекті 26 жыл бұрын тастап кеткен баласы іздеп барды

    Ақтөбелік келіншекті 26 жыл бұрын тастап кеткен баласы іздеп барды

Ақтөбедегі "Мейірім" әлеуметтік орталығында тұрып жатқан Серік Аманжолов ана мейірімін аңсап жүр. 26 жастағы жігіт кішкентай кезінде тастап кеткен анасын іздеп тапқан деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.


"Мен кішкентай кезімнен балалар үйінде тәрбиелендім. Кейін бізді Жайсаңға жіберді. Одан кейін қалаға келдік. Сөйтіп жүргенімде анамды таптым. Ол кісі 41 разъезде тұрады екен. Іздеп те бардым. Бірінші күні барғанымда көп сөйлесе алмадық. Екінші күні барғанымда есігін ашпады. Тек есіктің артынан: "Мен сені танымаймын, келме" деді. Интернет бойынша іздегенімде мекен-жай, фамилиясы бәрі сәйкес келіп тұрды. Ол адамға тағы да барып көргім келеді. Әр бала үшін ананың қасынан артық жер жоқ",-дейді Серік Аманжолов.


Серік әлеуметтік орталықта 28 жасқа дейін ғана тұра алады. Баспана алу үшін жинап жүрген қаражаты да бар. Жаңа өмірді анасының қасында бастауды армандайды.


"Анама барып "бірге тұрайық" деп айтқым келеді. Кездескенде оны айтуға мүмкіндік болған жоқ. Өзім жұмыс жасаймын. Тұрғын үй жинақ банкіне аздап ақша жинап жатырмын,-дейді Серік Аманжолов.




Көрілген: 1912    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.10.2018, 10:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31