Отбасы - ошақ қасы

Ақыл айтам деп жезөкшеден сөз естіген таксистің әңгімесі

  • © odessa1.com

    © odessa1.com

Таксистің күні құрсын. Өткен сенбіде көшеде адам мол болды. Содан таксоват етіп, түннің ортасына дейін жүрдім. Көңіл тоқ. Қалтада 5-6 мың бар.


Тағы да жүре тұрайын деп Абай даңғылымен зымырап келе жатқанмын. Сайын көшесіне жақындап қалғанда екі қыз тұр екен. Алдымда келе жатқан екі көлік тоқтады. Білмеймін, екеуі де алмай жүріп кетті. Үшінші болып мен тоқтадым.


— Қыздар қай жаққа барасыңдар?


— Біз осы жерде жұмыс істейміз, деп біреуі тақ ете қалды.


— Түн ортасында неғылған жұмыс, деп жынды бола қалдым.


— Аға, түсінбейсіз бе? Осындай жұмыс. Демалғыңыз келе ме? Бір «палка» 2 мың, машиананың ішінде бола саламыз, дегенде шалқамнан түсе жаздадым.


«Қарындастарым-ау, әп-әдемі қыздарсыңдар. Бұларың не? Ұят емес пе? Ата-аналарың білсе сұмдық болады ғой» деп «мораль» оқи бастап едім,


«Бас қатырмаңызшы. Сіз секілділер көп. Басында өстіп сөйлейді де артынан, 2 мың тенге жоқ, 1 мың теңгеге бола салайық дейді. Ұятсыздар.


Бұл жерде еріккеннен тұрған жоқпыз. Менің үйде бір емес, екі балам бар. Байым асырай алмаймын деп тастап кеткен.


Сол екеуін асырау үшін, түнде көшеге шығып, к*тімді сатамын. Жаның ашығыш болса, айлығы мол жұмыс тауып бер. Өткенде бір мектепке барып еден жуушы болып орналасайын десем, айлығы 40 мың теңгеге жетпейді.


И то оған кіру үшін, алдын ала біраз ақша беруің керек екен. Ондай жұмысы құрысын.


Тәнімді өмір бойы сатсам да қос құлынымды асыраймын», деп екі қыздың бірі жұлқынып сөйледі.




— Дұрыстап іздесең жұмыс көп қой. Тәніңді сатып, көрінген көліктің ішінде аунап жатқанша, дей беріп едім, әлгі жұлқынған қыз:


— Менде қақың болмасын. Өзім білемін қалай ақша табуды. Түнгі 2 де өзің не істеп жүрсің? Қара қатыныңның жанында жатпайсың ба, маған келіп закон соққанша.


Таксоват етіп күн көріп жүрген көп сорлы қазақтың бірісің. Маған ақыл айтқанша алдымен мол ақша табатын жұмысты өзің тауып ал!


Демалмасаң, барыңыз ары. Артыңызға бірнеше машина тоқтады. Солармен сөйлесу керек», деп артыма тоқтаған көліктерге қарай кетті.


Не айтарымды білмей, жүріп кеттім. Ішімнен ойлап қоямын:


«Өз күнімді өзім көре алмай жүріп біреуге ақыл айту не теңім? Ол тәнін сатып күн көреді. Ал мен күні-түні таксоват етіп күн көремін.


Айналып келгенде екеуміздің де жұмысымыз оңып тұрғаны шамалы-ау.


Бұған кім кінәлі? Заман ба, әлде өлместің күнін көр деп осындай деңгейге жеткізген билік пе?


Білмедім.


365info.kz


 




Көрілген: 5317    Пікірлер: 3

жұма, 22.12.2017, 10:19

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30