Отбасы - ошақ қасы

Алғашқы махаббат

  • Алғашқы махаббат

    Алғашқы махаббат

Ол төртінші курста пайда болды. Бір күні үйге бейтаныс жігіт қоңырау шалды. Сенімен танысқым келеді деді. Сабақ енді басталып жатқан кез. Танымайтын біреу қоңырау шалса, телефон нөмірді кімнен алдың деп сұрайсың ғой. Әр нәрсені сұрап отырып сөйлесіп кеттік. Күнде бір мезгілде хабар алады. Бес сағат отырып сөйлесеміз. Қазір екі минуттан артық сөйлесе алмайтын жағдайға жеттік)) Ақыры телефон нөмірімді кімнен алғанын анықтадым. Екінші курста қала күніне алаңға барғанбыз. Төрт қыз бала күннен араласамыз. Сол күні бір қыздың әпкесі қосыла еріп шыққан. Алаңдағы серуеніміз аяқталған соң Абай даңғылының бойында жүргіншілердің ортасында сапырылысып келе жаттық. Үш-төрт бала қатарласып танысайық деп тиісті. Телефон сұрады. Телефоны жоқ үйде тұрам дегем. Себебі, бұлардың бәрі физкультурник боп шықты. Шетінен боксер, пәлен-пәштүген. Сөйтсем арт жақта келе жатқан құрбымыздың әпкесі солардың бірімен телефон алмасыпты. Жұрттың қызы пысық)) Олардың сөйлесіп жүргенін білген бірі менің телефонымды сұрап алып, хабарласты. Кездесуге шақырды. Саябаққа барғанбыз. Шамасы маған ол бала ұнай қоймады. Сосын телефон көтермей, оның бар-жоғын да ұмытып кетіппін. Мына жігіт соның досы-мыс. Ішімнен ойлап қойдым, оңбаған, телефонды әркімге таратып жүргенін қарашы деп. Бірақ досының тілі майда боп шықты, күндегі уағында хабарласады. Бұл кикбоксер екен. Ол кім, ондай спорт түрінен мүлдем хабарым жоқ. Күнде жаттығуға барып, шапқылап жүреді. Екі-үш ай өтті. Бір күні:

- Осы саған не керек? - деп сұрадым.

- Ұнайсың, - деді.

- Онда неге кездесуге шақырмайсың?

- Саған ұнамай қалуым мүмкін ғой.

- Көрсең, мен де ұнамай қалуым мүмкін ғой.

Ақыры кездестік. Кофе іштік. Бойшаң жігіт. Әп-әдемі. Басына бубенчигі бар тақия киіп алыпты. Есімде қалғаны сол ғана) Көп сөйлейді. Бірақ маған ұнады. Шығарып саларда «таксиге отырғызып жіберсем, жаттығуға асығып тұр едім» деді.

- Мейлің, бірақ содан кейін маған қоңырау шалмасаң да болады, - дедім. Қызды кездесуге шақырып, үйіне дейін шығарып салмайтын жігіттерді жігіт емес деп есептейтін кез)) Таксимен аулаға дейін әкелді. Кешке хабарласам деп асығыс жүгірді.

Ол танысқанда Ербол деп танысқан. Бірақ шын аты Ерболат болатын. Эпо дейтін бәрі. Фамилиясын ұмытыппын. Ө-ден басталатыны ғана есімде. Содан телефон достық телефон ғашықтыққа ұласты. Кездескеннен кейін күнделік бастадым. Көктемде Родосқа барып чемпион болды. Күнделіктің ішіне не жаздым? Күнделік біледі. Ол да білетін. Ол да ұнататын. Бірақ бірдеңеден аттай алмай жүрді. Сөйтсем, телефон берген бала мені жақсы көреді екен. Бұл сонымен табыстыру үшін хабарласып, танысқан-мыс. Бірақ сценарий мені көрген соң өзгеріңкіреп кетеді. Өзі де байқамай қалса керек. Үйдегілер кешке таман телефонға жете алмай, әй босат, маған пәленше хабарласуы керек, деп ұрсатын еді) Не сөйлестік екен? Қазір таң қалам. Бір күні тағы сұрадым, жақсы көрмесең неге хабарласа бересің деп. Ол өтірік айтты. Ұнайсың, бірақ менің айттырулы қалыңдығым бар, бесіктен айттырып қойған деп. Ол махаббатты емес, достықты таңдады. Әлгі баламен арасы суып кетпесін деді. Оның таңдауына құрметпен қарадым. Дұрыс таңдау. Жастықтың буына ұрынбады. Сосын күнделік жазуды тоқтаттым. Күнделікті скотчтап, құрбымның әпкесімен араласатын досынан беріп жібердім. "Қолына бер, кешке маған өзі алдым деп қоңырау соқсын, әйтпесе өзім хабарласам, сенің жағдайың қиын болады" дедім. Одан бәрі сескенетінін білем. Кешке, «тентек қыз, не жазғансың?» деп тұр. «Ол дәптерде мен туралы бір ауыз сөз жоқ, бәрі сен туралы, өртесең де, жыртсаң да пейілің білсін, бірақ мені бұдан былай мазалама» дедім. Ол звондайтын. Мені жоқ дей сал деймін. Дипломға беттей алмай жүр ем. Бас көтермей диплом жазып кеттім. Сосын үш ай ауылда жүрдім. Сосын күзде жұмысқа тұрдым. Тура бір жылдан кейін, мен о кезде тұрмысқа шығып кеткенмін, ол тағы звондапты. Кейін бірде тәтем айтты.

- Анау балаң сені сұрады, «тәте, Шынарды сағынып кеттім, шақырып беріңізші», деп. Айналайын, ол тұрмысқа шығып кетті. Жайыңа жүр, дедім, - дейді. Бір көріп ғашық болған махаббат бір күнделікке жүк болған еді. Не жаза бердім екен деп кешелі бері ойлап жүрмін))) Әр бетіне «чемпион, менің чемпионым» деп жаза берген шығармын))) Ойда жоқта еске түсіп жатыр, тірі ме екен өзі?) 16 жылдан бері бір рет есіме алып, құран оқып, шелпек те пісірмеппін чемпионға арнап. Есімде қалғаны, бір күні сұрады, «Шынар, осы сен неге ешкімді жаман демейсің, бәрін жақсы дей бересің» деп сұрады. «Жамандармен араласпаймын» дегенмін. Жас кезде өжеттеу болсам керек)) Жақсылыққа қатты сенген болармын.

Ал сіздің алғашқы махаббатыңыз есіңізде ме?)))


Shynar Ábildá

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 955    Пікірлер: 0

жұма, 04.01.2019, 19:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 11:05
    Жездеме ғашықпын...
    4 Қаңтар, 19:07
    Алғашқы махаббат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31