Отбасы - ошақ қасы

Алматы тұрғыны әйелінің басқа еркекпен жүргеніне қалай шыдағанын айтып берді

  • Алматы тұрғыны әйелінің басқа еркекпен жүргеніне қалай шыдағанын айтып берді

    Алматы тұрғыны әйелінің басқа еркекпен жүргеніне қалай шыдағанын айтып берді

Алматылық азамат әйелі әже атанып, байсалды мінез танытқанша жақындарының күлкісі мен қорлағанына шыдап келген. Ол жұбайы мен досы кездесетінін білсе де үндемепті деп жазады NUR.KZ.

Эрик есімді азамат әйелі мен өз курстасының күйеуі көңіл жарастырып жүргенін білсе де көз жұма қараған.


"Біздің үйге қонақ өте көп келетін. Бірде студенттік шақты бірге өткізген курстасымды кездестіріп қалып, үйге шақырдым. Ол әйелімнің 35 жасқа толған туған күніне күйеуімен бірге келді.


Содан бастап біз өте жақын араласып кеттік. Тіпті Болат үй маңынан өтіп бара жатып та, сәлемдесіп кету үшін үйге келе беретінді шығарды", - дейді азамат.


Әйелінің күннен-күнге құлпырып келе жатқанын байқаған Эрик алғашында оған қуанып жүріпті.


"Әйелім үйде көбірек болып, өзіне қарайтын болды. Дәмді тағамдар пісіріп жүрді. Мен әрине оған қатты қуандым. Біз әлгі достарымызбен төрт жылдан астам уақыт араласқан соң, басқа бір досым маған әйелімнің біреумен жүріп жүргенін айтты.


Кейінірек байқап отырсам, достарымның барлығы маған аянышпен қарайды екен. Олар сыртымнан әңгіме қылатын сияқты болып көрінді", - деп ақтарылды ол.


Эрик үш күн жұмыс істеп, екі күн демалатын кезекшілік бойынша күзетші болып жүрген. Бірде оның үлкен қызы "Болат ағасының" үйге күнде келетінін айтқан. Кей күндері тіпті, қонып қалады екен.


"Қызым Болат ағасының түнде үйге келіп, анасымен жақындасып жүргенін айтқанда не істерімді білмей қалдым. Мен әйелімді өте қатты жақсы көрдім. Сондықтан отбасымды бұзғым келмеді. Оған жеткілікті көңіл бөле алмағаным үшін бәріне өзімді кінәладым. Барлығын білсем де іштей тынып, үнсіз жүре бердім", - дейді Эрик.


Осыдан кейін Эрик кезекшілікпен істейтін жұмысынан шығып, түнде үінде болатын жұмысқа орналасқан. Бірнеше жыл бойы достарымен жиналғанда Болаттың әйелі келмейтін болыпты. Ол да барлық істің мән-жайын түсінген екен.


"Мен Болатпен ерегісіп қалатын сылтау іздеп тұратынмын. Әйелім осыны байқап, менің хабардар екенімді түсінгендей болды. Мен барлығына отбасымды сақтап қалу үшін көндім. Осыдан кейін күйеуі көзіне шөп салса да шыдай беретін әйелдерге жаным ашыды.


Қалайша мұндай күйге түстім деп өзімді жегідей жеймін. Әйелім мен досым төрт жыл менің сыртымнан, екі жыл менің көз алдымда кездесіп жүрді.


Уақыт өте берді. Қызым тұрмысқа шығып, балалы болды. Болат әйелімен ажырасып, басқа қалаға көшіп кетті. Содан соң біз көріспейтін болдық. Ал әйелім өз таңдауын жасады", - деп сөзін аяқтады Эрик. 




Көрілген: 2872    Пікірлер: 1

жексенбі, 11.02.2018, 11:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30