Отбасы - ошақ қасы

Алматылық келіншек көңілдесінің әйелін масқара қылды

  • Алматылық келіншек көңілдесінің әйелін масқара қылды

    Алматылық келіншек көңілдесінің әйелін масқара қылды

Алматылық келіншек тығырыққа тіреліп, өмірінің тозаққа айналғанын айтып NUR.KZ порталына хабарласты. Оның айтуынша, оның күйеуінің көңілдесі суретін тауып алып, оны әлеуметтік желілерге жезөкше ретінде таратып жіберген.

Балжан (ред.- автордың аты-жөні өзгертілді) есімді келіншек күйеуінен әбден көңілі қалып, бүгінде оны жан-жарым деп есептемейтінін айтады. Бір жылдан бері оның көңілдесі мазасын алып, оның телефон нөмірін жезөкше ретінде таратып, мазасын алғанын айтады.


"Күйеуімнің менен өзге тағы бір әйелге барып жүргенін білгеніме бір жарым жыл болды. Бастапқыда не істерімді білмей анамның үйіне кетіп қалдым. Бір ұлым бар. Күйеуім бірақ жаза басқанын айтып, қоймай да қоймай үйге қайтып алып келді. Ол енді ол әйелмен байланысын үзетінін айтып сендірді. Содан арада бес өтті. Мен оның телефонын тығып, менен бір нәрсе жасырып жүретінін сезіп, тала ұрыс та шығардым. Бірақ ол үйге қонады. Жұмыстан уақытылы келеді. Сондықтан оған сендім. Әрі оны уәдесінде тұрады деп ойладым. Бір күні құрбым әлеуметтік желіде жарияланған менің суретімді көрсетті. Онда менің жезөкше ретінде қызмет көрсететім жазылған. Дәл өзімнің суретім және менің телефоным. Бір қызығы ол сурет тек күйеуімнің телефонында болатын", - дейді әйел.

Осыдан кейін оған телефон қоңыраулар толассыз келіп түсе бастаған. Ал күйеуі ешнәрсені білмейтінін айтқан.


Ол мұны ести сала, қатты ашуланып, біреуге қоңырау шала бастады. Сөйтсем ол көңілдесі екен, оған қатты айқайлап, ұрсыса бастады. Мен оның телефонын жұлып алып, өзім сөйлестім. Көңілдесі болса, оның күйеуімнен бір қызы бар екенін және әлі де қарым-қатынастары үзілмегенін жеткізді", - дейді әйел.

Осылайша Балжан қатты күйзеліске түсіп, күйеуімен ажырасуға бел буған. Алайда оған әлі де көптеген адамдар хабарласып, интимді қызмет көрсетуін сұрайды. Қазіргі таңда Балжан құқық қорғау органдарына арыз жазып, күйеуінің көңілдесі тиісті жазасын алады деп үміттенеді. 




Көрілген: 4661    Пікірлер: 0

жұма, 23.02.2018, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30