Отбасы - ошақ қасы

Алып қашып алған күйеуін ұнатпаған жас келін, бір ай өтпей үйіне қашып кетті

  • © kaz.tengrinews.kz

    © kaz.tengrinews.kz

Отбасын құрғанына бір апта болған қыз «Күйеуім ұнамайды» деп ауылына кетіп қалған. Бұл туралы ikerim.kz сайтына келіннің қайын әпкесі хабарлады.


Өзінің есімін Жанар деп таныстырған келіншек өткен айда інісінің бір қызға үйленгенін айтты. Қызды ортақ таныстары арқылы бір рет көріп, алып қашып келген. Қыздың туған жері Таразда, бірақ Оңтүстіктің қаласына барып колледжде оқып жүрген екен. Алғашында қыз қалмайтынын айтып, байбалам салған. Бірақ үлкендер үгіттеп, өз ата-анасының келісімімен сол босағада қалады. Одан соң беташар өткізіліп, құда күтіледі.


Ал бір апта өткенде қыз туыстарына кететін айтып хабарласады. Мұны естіген жігіттің туыстары жас келіннен мән-жайды сұрайды. Келін ешкімге тағар міні жоқ екенін, бірақ жігіттің ұнамайтынын айтып, кетуге рұқсат сұрайды.


Келінді ақылға шақырып, келісімге келген әулеттің үлкендері кеткен кезде, ол үйіндегілерді алдап бәрі-бір қашып кеткен.


Жанардың айтуынша, қазір келіннің анасымен сөйлесіп, құдалар арадағы түсініспеушілікті шешуге тырысып жатыр екен.


Бірақ бұл жақсылыққа апармайтынын айтқан Жанар жігіттерге танымайтын қызды алып қашпауға кеңес берді. 




Көрілген: 2952    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.09.2017, 09:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31