Отбасы - ошақ қасы

Әмеңгерлігі құрсын! Өзімнен 8 жас кіші баланың қойнына қалай жатамын?

  • Көрнекі сурет

    Көрнекі сурет

Өмірде өз дегенің үнемі бола бермейді екен. Осыдан біраз уақыт бұрын мен қандай бақытты едім. Мектепті бітірген соң, өзім қалаған жоғарғы оқу орнында оқыдым. Студенттік өмірдің бал-шырынын таттым.


Одан өзім сүйген жігітке тұрмысқа шықтым. Ата-енем де жаман адамдар емес. Келінім деп емес, «қызым» деп еміреніп тұрды. Егіз ұлымыз дүниеге келді. Сөйтіп отбасымызда ақ түйенің қарны жарылып қалған…


Ол күндер қандай ғажап, қандай аяулы шақтар еді. Әттең, Алла-Тағала өміріңді өзгертем десе, оңай екен.


Күйеуім Жомарт өз көлігімен Жетісай мен Шымкент арасына адам тасып, тәп-тәуір нәпақа тауып жүретін. Өзі политехтің тау-инженерлік бөлімін бітірген еді. Оған сай жұмыс Жетісайда қайдан болсын?!


Содан дипломын сандыққа салып қойып, жұрт секілді таксовайтпен жүрген. Бір күні Шымкентке бара жатқан жолда апатқа ұшырап, қайтыс болды. Артында екі баласын құшақтап мен қалдым.


Өлмектің артынан өлмек жоқ дегендей, ата-енемнің, өзімнің әке-шешемнің қамқорлығы арқасында бұл қайғыны да өткердім. Уақыт өтіп жатты. Күйеуімнің жылын өткерген соң өз әке-шешем; «Барған жерің риза шығар. Күйеуіңнің жылын өткіздің. Енді ол босағада қарайлайтын ештеңе қалған жоқ. Басың жас. Енді ғана жиырма беске келдің. Үйге кел. Балаларды біз қараймыз. Жұмыс істе. Басыңдағы қайғы-қасіретті ұмыт. Жақсы жігіт кездессе, қайтадан тұрмысқа шық. Өмірден озған күйеуіңнің босағасын күзетіп отыра берме», деген әңгіме айтты.


Бір қарасаң, әке-шешемнің айтып отырғаны шындық. Әке-шешемнің айтқандарын ата-енеме айтып едім, ыршып түсті. «Жоқ айналайын біз сені енді жібере алмаймыз.


Жомарт (күйеуімнің есімі) қайтыс болғанымен оның артында інісі Жолдасбек бар. Құдай қаласа, келер жылы мектеп бітіреді. Біз сені соған теліп отырмыз.


Қазақ ертеден жесірін қаңғытпай, күйеуі өлсе, қайынағасына немесе қайынінісіне, әмеңгерлік жолмен әйелдікке беріп отырған. Біз сені келер жылы Жолдасбекке атастырсақ деген ойдамыз. Оған қарсы болмассың.


Жомарттың мына егіз ұлы сыртқа кетпесін, күйеуіңнің шаңырағында қалсын деп шешіп отырмыз», дегені.


Не дерімді білмей қалдым. Көзіме жас толып, сыртқа шығып кеттім. Әрине,


күйеуімнің отын сөндіргім келмейді. Бірақ оның өзімнен сегіз жас кіші інісімен қалай шаңырақ құрамын?! Қалай оның қойнына жатамын?


Менің қинағаны осы. Әке-шешеме ата-енемнің айтқандарын айтып едім, өзің біл, қабырғаңмен кеңес. Ата-енеңнің көңілін жықпай, айтқандарын қабыл алып, ертең өмір бойы өкініп жүрме. Оның үстіне,


жас бала саған үйлене қоя ма, қазір заман басқан. Баяғы кезең емес. Осының бәрін таразылап, бір шешімге кел», дегеннен артық ештеңе айтпады.


Не істерімді білмей жүрмін. Ақыл-кеңес беріңдерші!


Нұрила


kaz.365info.kz


 


 




Көрілген: 9848    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.09.2018, 15:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31