Отбасы - ошақ қасы

Америкалық клиентіне тұрмысқа шыққан қарағандылық жезөкше өзінің бақытты екенін жеткізді

  • Америкалық клиентіне тұрмысқа шыққан қарағандылық жезөкше өзінің бақытты екенін жеткізді

    Америкалық клиентіне тұрмысқа шыққан қарағандылық жезөкше өзінің бақытты екенін жеткізді

Бұрын жезөкшелікпен айналысқан қарағандылық бойжеткен өз клиентіне тұрмысқа шығып, Америкаға көшіп кетті деп жазады «NewTimes.kz».


Алена Крюкованың (аты өзгерділген ред.) айтуынша, ол секс индустриясында 5 жыл жұмыс істеген. 30 жастағы сұлу бикеш тек қалталы азаматтарға қызмет көрсетіпті.


Алена еш таршылық көрмеген, бар отбасынан шыққан. Қарағандыдағы жоғары оқу орындарының бірінде экономист мамандығын тәмамдапты. Алайда, ол 21 жасында жезөкшелікпен айналысуға бел буған. Оның бірінші клиенті – секс үшін 15 мың теңге берген көршісі болыпты. Содан кейін курстасымен жалғасқан.


«Мен университетті бітірген соң, жезөкшелікпен айналыса бастадым. Клиенттерім үшін арнайы пәтер жалдадым. Бұл жайында ата-анам мүлдем білмейді. Егер жақсы көрінгің келсе, қалтаңда үнемі ақшаң болуы керек. Сол үшін де жақсы ақша тапқым келді. Секс қызметін көрсету саласында осы ақшамен отбасын асырап отырған әйелдер мен жас студент қыздарды кездестіруге болады. Олар жезөкшелікпен уақытша айналысады», – дейді Алена.


Алена төсек қатынасының қыр-сырын үйреніп алған. Оның клиенттері қайтадан келуге құмартып тұрады екен. Айтуынша, жезөкшелікпен айналысып жүріп ол қаланың ортасынан өзіне пәтер, көлік сатып алыпты. Осылай секс қызметін көрсетіп жүрген Алена бір күні өзінің болашақ жарын кездестірген.


"Бірде бір ер адам хабарласып, америкалық досына тосын сый жасағысы келгенін айтты. Ағылшын тілін білмегендіктен, онымен төсек қатынасына түскім келмеді. Бірақ әлгі адам қайта-қайта хабарласып, ақыры мені көндірді. Қомақты қаржы төлеген соң, төсекте мүмкіндігінше жақсы болуға тырыстым. Осыдан кейін Майкл маған күнде келуді шығарды. Сөйтіп екі аптамыз зымырап өтті. Ол еліне кетті. Мен оған бауыр басып қалғанымды сездім. Сөйтсем, оның да маған деген көңілі болыпты", – дейді бұрынғы жезөкше.


Содан кейін 40 жастағы Майкл мен Алена бір-біріне хат жазысып тұрған. Арада көп уақыт өтпей ол Қазақстанға қайта келеді. Аленаға өзіне тұрмысқа шығуына ұсыныс жасаған . Қазір АҚШ-тың Флорида штатында тұрып жатқан әйел өзінің жүкті екенін айтады. Жаңа өмір бастаған. Күйеуінің туыстары Аленаның бұрын жезөкшелікпен айналысқанын білмейді. Тіпті Майкл да әйелінің бір кездері секс қызметін көрсетумен айналысқанын есіне алғысы да келмейді екен. 




Көрілген: 1682    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.01.2019, 14:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 11:05
    Жездеме ғашықпын...
    4 Қаңтар, 19:07
    Алғашқы махаббат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31