Отбасы - ошақ қасы

«Аналар үйінде» тұрып жатқан Айзада: Әркім кінәсі үшін жауап беруге міндетті

  • «Аналар үйінде» тұрып жатқан Айзада: Әркім кінәсі үшін жауап беруге міндетті

    «Аналар үйінде» тұрып жатқан Айзада: Әркім кінәсі үшін жауап беруге міндетті

Жақында журналистік мақсатпен жүріп, аналар үйіне барып қалдым. Сонда кездескен бір қыз көз алдымнан кетпей қойды. Аналар үйінде тұрып жатқан, нағашы ағасынан зорлық көрген Айзаданың қазір аяғы ауыр екен.

«Қазір 21 жастамын. Ол кезде 13 жаста едім. Нағашы ағаммен бірге өстік, ойнадық. Ата-анасы жиі қыдырып кететін. Нағашым үйінде жалғыз өзі қонуға қорқатын. Анам бауыры болған соң ештеңе ойламай, мені сол үйге қалдырып жүрді. Бір күні ағам үйіне тағы осылай алып кетті. Кешкі уақытта тап беріп, мені зорлады. Басында түсінбей, айқай салдым, жыладым. Артынан түк болмағандай кетіп қалды. Ол кезде баламын ғой, ес білмейтін кезім. Кейін ол үйге бармайтын болдым. Анама «ұят» деп айтпадым. Өзім қорықтым, туыстық қатынастың бұзылатынын білдім. Сөйтіп жүріп, сонша ауыр болса да ұмыттым. Қазір оның әйелі, баласы бар. Кейін намазхан, иманды жігітке тұрмысқа шығатын болдым. Үйленер алдында күйеуіме барлық жағдайды айттым. Ол кісі көнді. Әрине, мен үшін ол жеңілдік болды. Себебі, күйеуім түсінбейді ма деп қорқатынмын. Тұрмысқа шыққан соң бір апта өтпей арамыз суыды. Күйеуім мінез көрсете бастады. Ата-енем де өзгерді. Бір күні жолдасым: «Мен төзе алмаймын. Екеуміз ажырасамыз. Той болмайды. Анаңа хабарлас та, кет!», - деді. Осының бәрін естігенде ғана есімді жидым. Сол кезде ғана анама 8 жыл бұрын болған дүниені айттым. Күйеуім «Бала керек емес, алдырып таста!» деді. Қазір күйеуімнен хабар жоқ, «Аналар үйінде» тұрамын. Баланы да, мені де іздемейді. Мен сияқты зардап шеккен қыздар көп. Қыз-келіншектерге «қандай жағдай болса да шындықты бастан айту керек» деп айтқым келеді. Әркім кінәсі үшін жауап беруге міндетті. Себебі бұл - қыздың тағдыры. Туған-туыс, ұят дегенге салынбай уақытында жазасын беру керек. Бірақ мына заманда сенің шындығың ешкімге керек емес екен. Бетім ашық болсын деп алдын ала айтқаныммен, болашақ күйеуім кеудемнен итерді.

Айта кетер жайт, солай зорлық көргенімнің нәтижесінде төсекті ерте аңсадым. Талай рет өз өзіме ләззат сыйлап, өзімді қанағаттандырдым. Әлі де төсекте зорлауды аңсаймын. «Келіннің бетін кім ашса сол ыстық» дегендей, алғаш төсек қатынасы солай болған соң, солай мида сақталады екен. Құрбыларыма айтуға ұяламын. Қазір де онанизммен айналысамын. Намаз оқығалы жаман әдетімнен арыла бастап ем. Қазір қайта бастадым. Өмір сүргім келмей кетеді. Сонда мен өмір бойына осылай өтем бе?! Нағашы ағам емес, бәріне кінәлі мен секілді. Мен ғана осылай зардабын шегем бе, Шаршадым...

Дина.

  




Көрілген: 952    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.01.2019, 10:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 11:05
    Жездеме ғашықпын...
    4 Қаңтар, 19:07
    Алғашқы махаббат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31